Қазақстанның ауруханаларында инфекция профилактикасы және инфекциялық бақылау жағдайына талдау жүргізіледі. Колумбия университетінің жанындағы ICAP орталығы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп, медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИПИБ) жағдайына сыртқы кешенді талдау жүргізеді. 31 тамыз бен 14 қазан аралығында жеті аптаның ішінде Қазақстанның госпитальдік эпидемиологиясы саласындағы жетекші мамандары кешенді талдау жүргізеді. ММСЖ қатысушылары болып […]