Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Өзіңіз білетіндей, тоғызқұмалақ – ұлтымыздың адамзат мәдени мұрасына қосқан үлесінің жарқын үлгісі. Ғасырлар бойы тоғызқұмалақ ойшылдар күш сынасатын зияткерлік ойын да, зерде, зейін, қисынды ойлауды жетілдіретін тәрбие құралы да болып келді. Ұлы Абайдың тек өзі ойнап қоймай, маңайында мектеп қалыптастырып, жарыстар ұйымдастыруы […]