Әскерилер 80 шақырымдық шеру жасады

Қарағанды ​​облысындағы Спасск оқу жаттығу орталығының полигонында бригадалық-тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары өтіп жатыр.

«Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріндегі жауынгерлік даярлық жұмыстарының нәтижесі келесі көріністерден тұратын бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуларға ұласты: жеке құрамды дабыл бойынша көтеру, шерумен шоғырлану аймағында жиналу. Өз орындарына орналасуды ұйымдастыру және қорғаныс бойынша командирдің шешімін қабылдау, белгіленген аймаққа марш жасау. Жаттығудың соңғы кезеңі жаумен тікелей байланыста шабуылдаушы ұрыс жүргізу болды.Оқу-жаттығу жұмыстары барысында бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша шаралар қабылданды. Жауапты тұлғалар қиын сәтте деректерді жинау және талдау, шешім қабылдау, арнайы әскери іс-қимылдарды жоспарлау және бөлімшелерге жауынгерлік тапсырмаларды жеткізу бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.

Жаттығу жұмыстары барысында әскери қызметкерлер өз бетінше шешім қабылдауды, шешуші әрекеттерді және бөлімшелерді басқару үшін кенеттен туындаған тапсырмаларды орындауды талап ететін күрделі, стандартты емес жағдай жасалды. Тікелей ұрыс жаттығуларын өткізу кезінде тактикалық әрекеттерді дұрыс орындауға, бөлімшелердің жауынгерлік және атыс бақылауында қаруды шебер және тиімді пайдалануға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға басты назар аударылды. Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер үйлесімді іс-әрекеттері мен далалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, – деп атап өтті, өз кезегінде 31775 әскери бөлімінің командирі, полковник Марат Шахашов.

  Оқу-жаттығу жұмыстарына 300-ден астам әскери қызметші қатысты, 60-қа жуық бірлік техника, оның ішінде жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналары мен артиллериялық қондырғылары тартылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Кападокиядағы күзгі көріністер

Бей Қыр 7 , 2023
Оқылды: 227 Кападокия Түркияға баратын барлық саяхатшылардың сүйікті бағытына айналған.   Әуе шарымен аспанға көтеріліңіз Кападокиядағы есте қалатын оқиғаларға әрқашан түрлі-түсті әуе шарларында ұшу кіреді. Таңертең аспанға ұшуды бастайтын әуе шарлары 800 метр биіктікке дейін көтеріле алады. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан «Ертегі мұржалары» – Кападокияның символы. Миллиондаған жылдар бойы жаңбыр […]