Селжүк Байрактар: Технофестті бірігіп бауырлас Қазақ елінде де ұйымдастыруға болады.

Түркияның Стамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі өтуде. Биыл айтулы шара Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған. Технофесттің негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың технологияға деген қызығушылығын арттыру әрі Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Шараға қатысушы әрі оны ұйымдастырушылардың бірі – Түрік әскери әуе техникаларын өндіруші Селжүк Байрактар Тенхофесттің көкжиегі жылдан жылға кеңейіп кележатқанын айтады.


Селжүк Байрактар, Baykar Makina компаниясының техникалық директоры .
«Технофест Тәуелсіз Түрік елінің жобасы. Фестивалдің болашағы бар. Биыл біз алтыншы рет ұйымдастырып жатырмыз. Өткен жылы Әзірбайжанда өткізген болатынбыз. Ал, келешекте бауырлас елдерде ұйымдастыратын боламыз» «Қызыл алма» деп аталатын әскери әуе аппаратымыздан кейін ұшатын көлік және ғарыш аппараттарына ден қоюуымыз мүмкін. Бұл қазіргі заман талабы.»
Биылғы фестивалдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған бірлігі көпшілікке таныстырылды. Әсіресе аңызға айналған «Байрактар» ұшқышсыз әскери әуе аппаратына көптің қызығушылығы жоғары. Ал оны құрастырушы Селжүк Байрактар болашақта Қазақ елінде де мұндай фестивальдің өтуі мүмкін деді.
Селжүк Байрактар: Baykar Makina компаниясының техникалық директоры.
«Біздің фестиваль мамырдың басына дейін жалғасады. Бауырлас Қазақ елін осы жерден көргім келеді. Біз түбі бір елдерміз. Ал, келешекте екі елдің жарқын болашағы үшін Технофесті бірігіп Сіздің елде де ұйымдастыруға болады. »
Ірі авиациялық шоуға әсіресе студенттермен мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Сондықтан олар осы күндерді жыл бойы күтеміз дейді.
Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Стамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтпек.

Ғани Өтепбайұлы, Стамбұл.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ТҮРІК АСХАНАСЫ ЕРЕКШЕ МӘЗІРЛЕРІМЕН ТАНЫМАЛ

Жек Сәу 30 , 2023
Оқылды: 361 ТҮРКИЯНЫҢ БАҚЫТ ЖАҒАЛАУЫ ҚОНАҚТАРДЫ ТЫНЫШ ПЕЙЗАЖЫ МЕН АТМОСФЕРАСЫМЕН, ДӘМДІ ЗӘЙТҮН МАЙЫМЕН, ШАРАП ЖАСАУ ӨНЕРІНІҢ БАЙ МҰРАСЫМЕН ЖӘНЕ КӨКӨНІСТЕР ҚОСЫЛҒАН АСПАЗДЫҚ МӘДЕНИЕТІМЕН ҚАРСЫ АЛАДЫ. БҰЛ АСХАНАНЫҢ ЕҢ ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАРЫ ТҮРКИЯНЫҢ ҚҰНАРЛЫ ЖЕРЛЕРІНЕН АЛЫНҒАН ШӨПТЕРДЕН ЖАСАЛҒАН ЕРЕКШЕ РЕЦЕПТ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАДЫ. БҰЛ КЕРЕМЕТ ӨСІМДІКТЕР ДӘРУМЕНДЕР МЕН МИНЕРАЛДАРДЫҢ ЖОҒАРЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕМДЕУДІҢ […]