Сарбаздар әскерге аттанды

Майқұдықтағы мәдениет үйінде, Алихан Бөкейхан атындағы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан болашақ сарбаздарды әскерге шығарып салу жиыны өтті. 

Шараға интернационалист-жауынгерлер, Қарағанды қаласының жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері, «Жас сарбаз» ұйымының оқушылары, 31775 әскери бөлімінің қызметкерлері шақырылған. 

Жиында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы – Сарсенбаев Жанабек Маратович, өз тілегін жеткізді: 

Бүгінгі күн сіздер үшін ер-азаматтың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі. Себебі, сіздер өздеріңіздің нағыз ер-азаматқа тән болмыстарыңды айқындаудың бір дәлелі Отан алдындағы азаматтық борыштарыңды өтемексіздер. Бұл әрбір қазақ баласына лайықты қасиет. Бүгіннен басталатын әскери өмірге аттаған қадамдарыңызға сәттілік серік болсын! Отан алдындағы борыштарыңды абыроймен атқарып туған жерге аман-есен оралуларыңа шын жүректен тілектеспін! – деп сарбаздарға ақ жол тіледі.

Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында жасалып жатқан шаралары нәтижесінде әскерге қызығушы жастардың қатары едәуір артқан. Сарбаздарды сапарға шығарып салуға жиналған туыстары мен ата-аналары ақ баталарын берді. Отан алдында қызмет етуді борыш деп білгенімен, қимастық сезім де жоқ емес.

Сондай–ақ Тәжік-ауған соғысының ардагері, Қарағанды қалалық мәслихат депутаты Құлжанбеков Шүкіржан Елубайұлы әскерге шақырылған жастарға тілектерін айтып, батасын берді. Болашақ сарбаздарға қолжазба күнделік табысталды. Айта кетейік, борышын өтеп келген сарбаздар үшін едәуір жеңілдіктер қарастырылған. Жас сарбаздар жоғарғы оқу орнында тегін білім алумен қатар несиелері бар азаматтардың өтеу уақытын кейінге шегеру жағдайлары да қарастырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскери патриоттық жиынға іріктеу

Бей Мам 23 , 2024
Оқылды: 248  Қаламыздағы Талғат Бигелдинов атындағы Жас ұлан Республикалық мектебінің базасында, «Айбын – 2024» республикалық жастар жиыны өтті. Шараға қатысып, Қарағанды облысының абыройын қорғауға ат салысқан, оқушылар кезең-кезең бойынша сынға түсті. Қарағанды қаласындағы екі мәрте кеңес одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы республикалық Жас ұлан әскери мектебінің базасында «Айбын – 2024» […]