Отанға қызмет етемін

Кешегі өткен Ұлы Отан соғысының майдан даласында гитлерлік неміс басқыншыларына қарсы талай ұрыстарды басқарған даңқты қолбасшы, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы: «….Олай болса, ұрысты басқара білу дегеніміз – демек, атысты басқару, траекториялармен, ептілікпен маневр жасау, дұшпанның төбесінен бас көтертпей атып, оны жерге, окоптары мен орларының түбіне тығып жіберу, бетін қаратпау және атыс ұялары амбразураларын қирату, сөйтіп жаудың күшін аяусыз жою, өз күшіңді сақтау деген сөз» – деп, жазып кеткен екен.

Дәл осы ұстанымдағы «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің артиллерист-офицерлері арасында 122 мм. тіркемелі Д-30 артиллериялық гаубицадан ату жаттығуы өткізілді. Атыс жаттығуы әкери бөлімнің 2022 оқу жылының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған болатын.

Жауынгерлік даярлықтың атыс жаттығуы «Сарышаған» полигонында өтті. Атыс алаңындағы тартысты бәсекеде танкіге қарсы артиллериялық дивизионының командирі подполковник Умиртай Құланбаев пен 2 зеңбіректі артиллериялық дивизионың командирі майор Данияр Кадешов алдыңғы қатарлардан ерекше көзге түсті. Әсіресе, 122 мм тіркемелі Д-30 артиллериялық гаубицасымен  артиллериялық №4 атыс тапсырмасын орындаған майор Данияр Кадешов алғашқы атыстың өзінде дәл көздеген «командалық бекет» нысанаға дәл тигізіп, бірден атып түсірді.

Бұл көрсеткішімен аталған дивизион командирі өзінің бағынысындағы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген сарбаздарға үлгі бола алады.

Приозерск гарнизоныныңбаспасөз хатшысы

Лейтенант Думан Жұмашұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Автокөліктің қысқы мерзімге әзірлігі - апатсыз пайдаланудың кепілі

Сәр Қар 2 , 2022
Оқылды: 359 Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту және Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамын кәсіби дайындығы мен құқықтық сауаттылығын арттыру және жол қауіпсіздігін алдын алу мақсатында Қарағанды қаласының әскери лазаретінде «Автокөліктің […]