Құмар ойын қызып тұр

Қарағанды ​​өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы, облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының маман психотерапевттерімен бірлесіп, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36352 әскери бөлімінің базасында барлық санаттағы әскери қызметшілермен: «Құмар ойындар және оның салдары, суицидтік тәуекелдердің алдын алу» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Мамандардың мәліметіне қарағанда, ойын тәуелділігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерт (ауру) классификаторына енгізілгініне қарамастан, құмар ойынмен әуестену және оның қоғам үшін қауіптілігін реттеуді заңнамалық тұрғыдан жетілдіру керек.

«Құмар ойынды әдетке айналдырып оған тәуелді болу, алкоголь және нашақорлыққа тәуелді болумен тең. Құмарлықтың өзіндік белгілері бар. Ойынға құмарлықтан емделу біраз уақыт пен қаржыны талап етеді. Қоғамдағы қызып тұрған, бұл індетке құмарлар біздің әскери қызметкерлер арасында тіркелмеген. Дегенмен, мәселені қолға алып, мұндай алдын-алу шаралары өз пайдасын берері анық» – деп атап өтті өз кезегінде, Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын-алу бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстанда алғаш рет қазақ тілінде "Sana Business Forum" өтті

Сей Там 15 , 2023
Оқылды: 238 Sana Business Forum» білікті де белсенді қаржыгерлер, экономистер және кәсіпкерлердің басын біріктіре отырып, экономика, бизнес және қаржы салаларында тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелердің шешімін табуға септігін тигізетін кәсіби платформа. Форумның басты мақсаты Үкімет, бизнес және ғылым арасында байланыс орната отырып, ел экономикасының даму мәселелері, сын-қатерлері және мүмкіндіктерін талқылау. […]