М.Ә. ЕРМЕКОВТІҢ  ҚАРАҒАНДЫ КӨМІР БАССЕЙІНІНІҢ МЕТАН ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

       Мағауия  Әлімханұлы Ермеков профессор геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым Ұлттық Академиясының Академигі. Көмір кен орындарының газдылық саласындағы үлкен маман иесі, табиғаттың күрделі құбылыстарын модельдеудегі және компьютерлік технологияны пайдалана отырып, оларды оңтайландыру мақсатымен технологиялық үрдістердің жаңаша негізін салушы.

      Мағауия Әлімханұлы 1950 жылы Алматы тау – кен – металлургиялық  институтының геология және пайдалы қазбалардың кен орнын барлау бөлімін «инжинер-геолог» мамандығы бойынша оқуын бітірді. Содан кейін сол жылы Қарағандыдағы «Қазақкөміргеология» бөлімінде аға  геолог болып қызмет атқарды. Басында осы бөлімге орыналаспай тұрып, жергілікті құрылыс материалдарымен айналысты. 

      1953 жылы Қарағанды көмір бассейінінде газдылық көмір жатысының пайда болу бөлімінде жетекшілік қызметін атқарады. 

    1957 жылы Қарағанды көмір бассейінінде газдылықтан сынама алу әдістемелерін және техникасымен оны тазартуды жүйелі түрде қолға алды. 

    1957 жылы М.А. Ермеков бір жылдық сырттай аспирантураны оқып,  кандидаттық дисертацясын өте жақсы бітірді. 

     1958-1970 жылдар арасында ол газдылық бассейін мәселесімен айналысты. 

     1963 жылы Химиялық – металлургиялық институт АН Қаз.ССР, КНИУИ, ВостНИИ зертханалық бастығы болды.

     1967 жылы ғылыми ізденісін дамыту мақсатында геология-минералогия ғылымдарының докторлығына түсіп,  диссертациясын қорғап шықты. 

     1968 жылдан бастап, Қарағанды көп салалы техникалық институттың геология кафедрасының профессоры болды, ал 1970 жылдан бастап геологияны барлау, құрылым және инженерлік геология, гидрогеология, тау – кен және құрылыс мамандықтары бойынша, мұнай кен орны және газ туралы жұмыстарын геофизикалық студенттерге дәрістемелік курстар арқылы жүргізді. Кафедра меңгерушісі болып 19 жыл қызмет етті.

1970-89 жылдар аралығында проф. М.А Ермеков кафедраның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты.

     Ғалым газдылық көмір қабатын зерттеумен де айналысты. Жерқойнауы термодинамикасы, геологиялық фактілердің газдылығының әсерін бағалау санының әдістемелік нақтылығын анықтап, көптеген жұмыс атқарды. 

     Қарағанды көмір бассейінінің ең алғаш газдылық картасын жасады. 

1979-80 жылдары М.А. Ермеков үш томдық «КСРО көмір бассейндері мен кен орындарының газдылығы» және КСРО Мемлекеттік сыйлық номинантының екінші рет иегері атанды.

1980 жылы циклді жұмыс аясында жүргізілген физика-химиялық негіздегі курсы бойынша қауіпті метан жарылғыш шахтада оған академик А.А. Скочинсктің атынан диплом және сыйлық ұсынылды.

 1983 жылы М.А. Ермеков тапсырманы орындау барысында ұйымдастырушы ретінде, жас және ерекше дарындылығымен қатар мықты маман екенін дәлелдеп, А.А. Маховтың еңбегі бойынша облыстық қосымша бағдарламамен жоспарланған әдістемелік жұмыс жүргізіп және компьютерлік технологияны қолдана білді.

     М. А. Ермеков тау-кен және геология мамандығы бойынша 13 талапкерді ғылым кандидаты диссертациясын қорғауға дайындады. М.А. Ермековтың қарамағында тағы бес ғылыми дәреже ізденушілердің жұмыстары аясында және өзінің қатысуымен жүргізілген математикалық модельдерді есептеу жұмысы атқарылды. 

1980ж. геологиялық музейде

Компьютерлік технологияны қолданумен модельдеу мәселелері.

1983 – 2001 жылдар аралығындағы дайындаған 25 еңбектің ішіндегі 5 жұмыс геологияның жалпы мәселелеріне және геологиялық барлау әдістеріне арналған. 

Сол кезде модельдеу әдісінің түрлеріне  қарап, бірқатар маңызды факторларды көрсетті:

– біріншіден, өте қажет, сенімді модельдер алу үшін, ол керекті эксперименттердің көлемін бірнеше рет қысқартуға рұқсат берген;

– екіншіден, арнайы процедураларды қолдану, фактордан жекешеленген әрқайсысының жалпы қорытындысын бағалауға әсерін тигізген. Әр фактор бойынша оптимизациялық процесстің қорытындысын анықтаған.

Бұл мақұлдама берілген әдіспен өткізілді. Қазіргі уақытта практикалық жұмыстар әр түрлі бағыттар бойынша көптеген зерттеулерде кеңінен қолданылады. 

Бұл әдіс негізінен геофизика саласында диссертациялық жұмыстардың қатарына жатады, тау-кен жұмысы, химия, экономика, медицина (олардың арасында кардиология, фармакология) және т.б.                                          

М.А. Ермеков тау-кен және геология ғылымына кандидаттық қорғауға бірнеше маманды дайындады. Математикалық ғалымдардың қатысуымен және оның жетекшілігімен дәрежелі оқымысты ізденушілердің бесеуі негізінен жоспарлаған жұмысын орындады.  

А.И. Москаленко геол.-мин. ғылым кандидатының есінде қалғаны: «Мағауия Әлімханұлы Ермековтың жетекшілігімен 20 жылдай бірге жұмыс істедік, оның ішінде ұмытылмайтын жылдарды жиі еске аламыз. Бірінші танысқандағы әдемі әсер әлі есімізде, кейінгі уақытта да ол өзгермей жарқын бейнесімен біздің есімізде мәңгілік қалып қойды. Бұл әсер адаммен кездескендегі ерекшелігімен: жоғарғы санадағы ойшылдығымен, тереңдігімен, ізгі тілектестігімен және жылы қарым-қатынасымен ерекшеленеді.

       Мағауия Әлімханұлының өте терең жазылған баяндамасында, Қарағанды көмір бассейінінің көмір қалдықтары газмолшылығымен және газдылығымен негізгі ғылымдардың әдісі бойынша оқу бағыты айтылды. Академик А.А.Скочини атындағы мәртебелі сыйлықтың лауреатының цикл жұмысында физика-химиялық негізімен шахтадағы газбен күресу, оқытушылар және студенттер жаңа білім алып қана қоймай, қуат жарығы және сергектік, тілек және лайықты немесе жарамды бір нәрсе істеуге ұмтылу мәселелері қозғалды.

Мағауия Әлімханұлы – сол уақытта, жауапкершілікпен және өзіне тән ерекше күш-қуатымен, Қарағанды политехникалық институтының геология кафедрасын қазіргі мамандықтарды және жоғарғы білімді оқытушыларды жинақтады деп сенімді түрде айтуға болады. Сонымен қатар олардың көбісі ғылыми дәрежелерге ғана ие болған жоқ, үлкен өндірістік еңбек жолынан өтті. Басқа жоғарғы оқу орындарының кейбір кафедралары бұл ұжымға қызғанышпен қарайтын. Бұл өте тату ұжым болды. Мұндай татулықты қалыптастыруға Мағауия Әлімханұлы Ермековтің тікелей ықпалы ерекше еді. 

Мағауия Әлімханұлы жәй оқытушы ғана емес, ол-кафедра жетекшісі болды. Өзінің оқушыларымен өздік ғылыми жоспарларымен көп жұмыс істеді және үздіксіз ғылыммен айналысты. Оның жетекшілігімен қорғаған 13 кандидаттың ішінде үшеуі (Б.Д. Билялов, А.Б. Байбатчаев және Р.С. Хидурели) кандидаттығын қорғағаннан кейін кафедрада доцент болып қалды.

 М.А.Ермеков оқытушылардың шеберлігімен өсуіне көңіл аударып, еңбек тәжірибесін жалғастыру үшін үлкен жоғарғы оқу орындарына стажировкаға ірі елдерге (Ленинград, Мәскеу және т.б.) жол ашты.

Мағауия Әлімханұлы Ермеков менің есімде ең ірі оқымысты және оқытушы, қайраткер тұлға болып қалды. Бар болмысымен өз ісіне берілген, намысқой, көпшілікпен жақсы қарым-қатынаста және өте абыройлы болатын.  

Аталған үштомдық монографиядан басқа 160-тан астам баспа жұмыстары әртүрлі одақтық басылымдарда жарық көрді, төрт авторлық куәлік алды. Еңбектерінің көбінде көмір қатпарларындағы газдылық мәселелері, ерекше аспаптар және газды сынамалау, қойнау термодинамикасы  мәселелерін көтерді. 

Газдинамика бойынша көмірлі кен орнын зерттеу ол шахтада көмірді метаннан айыруды анықтау пункті, газды геодинамика бойынша көмір кен орнын зерттеу және СНГ елінде ғана емес, сонымен қатар Чехия, Польша, Словакия, США, Канада, Австралияда кеңінен қолданылатын. 

Мағауия Әлімханұлы Ермеков туралы бір-екі мақалаға сыйғызып баяндау мүмкін емес. Мағауия Әлімханұлы – әкесінің үлгілі ісін жалғастырған, өмірбаяны адам таңқалатындай еді. Кәсіби математик, демалыссыз жұмыс істесе де қажымайтын, әрқашанда көрнекті істерімен өзін жан-жақты, қайраткер ғалым екенін көрсете білді. 

Ж.Т. Мухажанова 

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, 

«Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының аға оқытушы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Абай ауданындағы өрттен қаза тапқандарға Xalyk Bank көмектеседі

Жек Мау 11 , 2023
Оқылды: 534 Абай ауданындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасыларына Halyk Bank-тан үш миллион теңге беріледі. Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына қаржылай көмек жібереді. Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің Halyk Bank-тегі бар несиелері есептен шығарылады. Банк басшылығы мен қызметкерлері қызмет кезінде […]