Алғашқы ғалым әйелдер

Адамзат тарихында ғалым әйелдер аз болмаған. Бірақ олардың еңбектері ерекше мойындала бермейтін еді. Әйелдердің ашқан жаңалықтары түрлі себептермен жоққа шығарылып, есімдері де ұмыт қалдырылған. Әйелдердің университетте оқуына рұқсат берілмеген, оларды ғылыми қоғамдар мен зертханаларға да кіргізбеген. Ойдағыдай білім ала алмағандықтан, олар ғалымм ер адамдардың көмекшісі болуға ғана қол жеткізген. Мұндай жағдай біртіндеп өзгергенімен, қазірдің өзінде ғалым әйелдердің саны ғалым ер адамдардан әлдеқайда аз. Бұл мақалада, алғашқы боп ғалым ретінде тарихта аты қалған нәзік жандардың бірқатарын шолып өтейік.

Каролина Гершель – неміс музыканттарының отбасында дүниеге келген. Ол 1772 жылы  Англиядағы ағасы астроном Уильям Гершельге барады. Ағасының қасында көмекші болып жүріп, одан астрономия мен физиканы, математиканы үйренеді. 1787 жылы К.Гершель әйелдер арасынан тұңғыш рет сарайдың бас астрономының көмекшісі етіп тағайындалып, көптеген жаңа кометаларды ашып, атағы Еуропаға таралады.

Келесі ғалым Шотландияда туылған Мэри Сомервилді «ХІХ ғасыр ғылымының патшайымы» деп атаған. Оның «Күннің сынған сәулелерінің магниттік күші туралы» деген тұңғыш ғылыми еңбегін Корольдік қоғамға оның күйеуі ұсынған. 

 

Ал бұл бикештің аты тарихта «тұңғыш бағдарламашы» деген атпен қалған. Ақын Байронның қызы графиняя Ада Ловелас астрономияны, латын тілін, музыка мен математиканы оқып үйренген. Ағылшын математигі Чарльз Бэббэджбен бірге ол ессептеу машиналарының арифметикалық бағдарламаларын жасаумен шұғылданған. Бұл машиналар қазіргі компьютерлердің атасы, сондықтан Ловеласты тұңғыш бағдарламашы деп атайды. 

Орыс математигі София Ковалевская да әйел адамдардың ішінен ғылыммен айналысып жоғары жетістіктерге жеткен. Физик әйелдер ішінде ең көп марапаттауға ие болған. Студент кезінде Владимир Ковалевскийге тұрмысқа шығды. Күйеуімен бірге Германияға барып, 1874 жылы Геттинген университетінің докторы ғылыми дәрежесін алған. Бірақ академиялық тұғырға шығарылмаған. 1884 жылы Ковалевская жаңа Стокгольм университетінің тұңғыш әйел-профессоры болған. 1888 жылы математика саласындағы еңбектері үшін оған француз ғылым Академиясының жоғары марапаттау белгісі – Бурден сыйлығы берілген. Швецияға барар жолда кеме үстінде суық тиіп ауырып, сдан көп ұзамай қайтыс болады.

Бұл адамдар-алғашқы ғалым әйелдер. Олардың есімін бірі білсе, бірі мүлдем естімеген.  Қазіргі таңда әйел адамдардың жетістіктері өте көп, және оларды ешкім шеттемейді.

Мәліметтерді «Алтын сандық» республикалық газетінен aimaq09.kz сайтына ықшамдаған

Еркежан Қабыкен Қарағанды облысы, Абай ауданы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Теміртау қаласында мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді менсінбейді

Сәр Мам 20 , 2020
Оқылды: 3  039 Теміртауда мемлекеттік тіл қарапайым халық пен тіл жанашырларына ғана керек пе? Құзырлы мекеме өкілдері қазақ тілін қашан меңгереді? Жиындарын қашан қазақ тілінде өткізеді?  http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл болғанымен, өкінішке қарай Қарағанды облысы, Теміртау қаласында мемлекеттік тілдің мәселесі әлі де өзекті. Тұрғындардың […]