Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың 60-тан астам сарбазы жақын күндері отбасына оралады. Олардың басым бөлігі оңтүстік өңірден келген жастар. Іс-шара барысында сарбаздар үшін әскери бөлімнің қызметкерлері қоштасу кешін ұйымдастырды. Бұдан бөлек, бір жыл ішінде әскери міндетін адал атқарған сарбаздар марапат пен естелік сыйлықтарға ие болды. Әскер […]
Aimaq09.kz
Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының үшінші кезеңі басталды. «Qolda 3.0» үшінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға тиімді ден қою және өткір әлеуметтік мәселелерді шешу әлеуетін жақсартуға көмектесуге бағытталған – деп хабарлайды QazFinance.kz тілшісі Түркітілдес журналистер қорына сілтеме жасап. «Qolda 3.0» байқауына қатысуға Шымкент пен Қазақстанның 14 облысында төтенше […]
Қорғаныс министрінің бірінші орындасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Санкт-Петербург қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің отырысына қатысты. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес көпжақты әскери ынтымақтастық мәселелері қаралды. Қатысушылар әлемдегі әскери-саяси ахуал мен оның Достастық елдеріне әсерін талдап, 2025 жылға […]
Қоғамдық орындарға кіру үшін енді Ashyq сервисі бар Halyk Homebank қосымшасын пайдалануға болады. Жоба Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске асырылды. Яғни, банктің клиенті Halyk Homebank қосымшасындағы Ashyq сервисін қолдана ма, әлде жоқ па өз еркінде. Қазіргі уақытта функционал Android пайдаланушылары үшін қолжетімді, iOS пайдаланушылары үшін – жақын арада пайда болады. […]
Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Түркітілдес журналистер қоры» мен «Шеврон» компаниясы және Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Fake news & factcheking» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл семинарда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жалған ақпараттармен күрес, деректерді тексеру, ақпараттық манипуляция мен шынайы ақпаратты ажырата білу бойынша […]
ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы КСРО – да И.В.Сталиннің геноцид саясаты кезінде болған адам айтқысыз аса ауыр жағдайлар, халықты, ұлтты, этникалық немесе діни белгілеріне байланысты қуғынға ұшырату, саяси процестермен қуғын-сүргіндер халықтың тағдырына және қоғамдық санасына ауыр із қалдырды. Карлаг – алып ел, оның шекаралары бақылау мұнаралары бар тікенек сымдармен қоршалған. Оның […]
Қарағанды қаласына қарасты 31775 әскери бөлімінде Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу кеші өтті. Батырдың туғанына 97 жыл толуына орай ұйымдастырылған патриоттық кеште армия генералының ерлігі мен өнегелі өмір жолы сөз болды. Сағадат Нұрмағамбетов – еліміздің заманауи Қарулы Күштерінің іргетасын қалауға күш-жігерін жұмсаған алғашқы қорғаныс министрі. Механикаландырылған бригаданың сарбаздары мен […]
Бүгін халықаралық музей күні. Осыған орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде ашық есік күні өтті. Бұл шараға қатысқан әскери саланың мамандары, тарихтан сыр тарқатқан туындыларды тамашалап, мерекелік кешке қатысты. Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің мамандары мен облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері «Музей күнін» атап өтті. Халықаралық музей күніне арналған […]
Клиенттердің өтініші бойынша Halyk Bank тағы да Алматыдағы “Хан-Тәңірі” тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерлерді ұтысқа қосты. Банк клиенттері, яғни ұтыс ойынына қатысушылар атаулы тұрғын үй кешеніндегі жеті жаңа пәтердің бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Ұтыс ойыны 2021 жылғы 11 мамырдан бастап 20 желтоқсанға дейін өткізіледі. – Былтыр ұйымдастырған науқан […]
Қарағанды гарнизоны әскери автомобиль полиция бөлімшесінің қызметкерлері механикалық көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы айлық іс-шараларды ұйымдастырып, қосымша дәрістер өткізді. Техникалық тексерудің негізгі міндеті – жол қозғалысына қатысты әскери көлік құралдарының жағдайы белгіленген талаптарға сәйкес келуін бағалау. Автокөліктерді техникалық тексеру барысында, негізгі өлшемдерге айрықша мән берілді. Атап айтқанда […]

