Болашағың жарқын болсын десең, өткеніңді біл

Қарағанды қаласына қарасты 31775 әскери бөлімінде Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу кеші өтті. Батырдың туғанына 97 жыл толуына орай ұйымдастырылған патриоттық кеште армия генералының ерлігі мен өнегелі өмір жолы сөз болды. Сағадат Нұрмағамбетов – еліміздің заманауи Қарулы Күштерінің іргетасын қалауға күш-жігерін жұмсаған алғашқы қорғаныс министрі.

Механикаландырылған бригаданың сарбаздары мен Қарағанды қаласының Мұхтар Әуезов атындағы орталық кітапханасы бірлесіп «Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы – Сағадат Нұрмағамбетов» тақырыбында танымдық ерлік сабағын ұйымдастырды. Әскери қызметшілер мен сарбаздардың қатысуымен өткен шарада еліміздің тарих беттеріндегі оқиғалар бойынша мағлұматтар айтылды.
Іс-шара барысында жас сарбаздар мен өнер колледжінің студенттері Халық Қаһарманының құрметіне өлеңдер оқып, ән шырқап, күй тартты.


 Ерлік сабағы барысында жауынгерлер Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманының кемеңгерлігі, батылдығы және ұлтжандылық қасиеттері туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. «Бұл кештің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты  отансүйгіштікке тәрбиелеу, елді құрметтеуге баулу болып табылады«,- дейді шараны ұйымдастырушылар. 
Болашақ бүгінен басталады. Ал төл тарихымызды білу және қастерлеп құрметтеу, біздің міндетіміз. Егемен елімізді қорғау  – әр азаматтың қасиетті борышы деп білемін. Бүгінгі таңда бұл әскери бөлімнің сарбаздары армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов жайлы көптеген ақпараттарға қол жеткізді. Осындай ерлік сабағының жеке құрамға берер тағылымы мол, – деді мотоатқыштар батальонының тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Ғалымжан Жаншораев. 
Сарбаздар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. «Ерлік сабағы» – жас ұландардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал жасайтын бірден-бір шара.
Айта кетейік, Сағадат Нұрмағамбетов небәрі 21-жасында «Халық Қаһарманы» атағына қол жеткізген. Ұлы отан соғысына қатысқан. Нұрмағамбетов Алматы, Нұр-Сұлтан және Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы атанды. 1992-1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы.  1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі. КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жуалы- жер жәннәті

Сей Мау 1 , 2021
Оқылды: 1  128 Ұлан – ғайыр мемлекетіміздің оңтүсігінен орын тепкен менің кіндік қаным тамған, балалық шағым өткен жер – Жуалы ауданы. Аудан орталығы-Бауыржан Момышұлы атымен аталады. Қайтпас қайсар ерлік пен аласармас өрліктің, шайлықпас батырлық пен қаймықпас батылдықтың жіңішке соқпағы осы жерден бастау алған. Бұл – қазақтың маңдайына біткен Совет Одағының батыры […]