«Түркітілдес журналистер қоры» Шымкентте

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Түркітілдес журналистер қоры» мен «Шеврон» компаниясы және Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Fake news & factcheking» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Бұл семинарда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жалған ақпараттармен күрес, деректерді тексеру, ақпараттық манипуляция мен шынайы ақпаратты ажырата білу бойынша өзекті мәселелер көтерілді.

Семинарды «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы жүргізді.

«Түркітілдес журналистер қоры» 7 жылдан бері Қазақстандағы қазақ, өзбек, ұйғыр, башқұрт т.б. түркітілдес журналистерге Қазақстанда және шетелде өтетін пресс-тур, онлайн форматтағы вебинар сериясы, экскурсия, семинар-тренинг, сондай-ақ 5 айлық ағылшын курсын ұйымдастырып келеді. Ал үстіміздегі жылдың 21 маусымынан бастап СММ, экология, мұнай газ т.б. бағытта және «Әлеуметтік журналистика және бұқаралық ақпарат құралдарындағы әлеуметтік мәселе» тақырыбында онлайн форматта вебинарлар өтеді. Бұл шаралардың барлығы «Шеврон» компаниясының қолдауымен журналистерге тегін ұйымдастырылады»,- деді қор президенті Нәзия Жоямергенқызы.

Айта кетейік, аталған қор және «Halyk Bank» АҚ-ның серіктестігімен қазақстандық БАҚ өкілдері арасындағы қаржы тақырыбында негізделген «Еркін сөз -2021» шығармашылық байқауы жыл басында жарияланған болатын. Оған «Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала» және «Үздік телесюжет» аталымдары бойынша 2021 жылдың 28 тамызға дейін қатыса алады. Байқау бойынша толық ақпарат + 7 775 166 8920 нөміріне хабарласуға болады.

Дереккөз: https://kz.otyrar.kz/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мемлекеттік рәміздер-мемлекет құндылығы

Жек Мау 6 , 2021
Оқылды: 938   Мереке бүгін біздің елімізде, Даңқы да асқақтаған жерімізде. Рәміздердің күнін біз тойлаудамыз, Елтаңба, әнұран, ту көгімізде. Олардың тарихы бар елге мәлім, Біледі оны үлкенің, жасың, кәрің. Мағынасы терең бұл рәміздердің, Олай болса айтайын тудың мәнін. Көк аспанда күніміз жарқырайды, Астында оның қыран құс қанат жайды. Туымыздың шетінде […]