«AMANAT» партиясы Halyk Bank және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге жүзеге асырып келе жатқан «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасының аралық қорытындысы шығарылды. Жоба аясында 6 мыңнан астам отандасымыз оқудан өтті. «Ұлы дала» қауымдастығының президенті Ақмарал Бекмұрзаеваның айтуынша, оқыту бағдарламасы ауыл тұрғындарының қажетін ескере отырып әзірленді. Отандастарымыздың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан сарапшылар қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтықтардың әрекетінқалай анықтауға болатынын және қаржы […]

Коньяға табанымыз тигеннен кейін бірінші барғанымыз – Мевлана музейі. Румидің құрметіне жасалған алып мавзолейді өз көзіңмен көру, аурасын сезіну бөлекше. Қаланы аралағанда ескі мен жаңаның қатар қолданылғанын байқадық. Ал біз орналасқан HICH қонақүйі дәл Мевлана музейінің жанында екен. Жұмадағы таңымызды азанның әуезді үнімен бастауға себеп болған бұл қонақүйді Серкан Ванлы […]

Бейшеһер – Коньяға жақын орналасқан қала. 70 мың тұрғыны бар.  Мұндағы көне мешіт Эшфорфоглудың тарихы ХІІІ ғасырдан тамыр тартады. Ерекшелігі көп. 48 бөрене көтеріп тұрған мешіт балқарағайдан өрілген. Ағаш түзу болып, өз қасиетін ұзақ сақтауы үшін алты ай суда ұсталып, содан кейін ғана құрылысқа пайдаланылған екен. Биіктігі 7,5 метр. Әрқайсысының […]

Афион-Қаракесир – туристерге таптырмас қала. Афион-Қаракесир туризмге сұранып тұрған, келген адам өкінбейтін шаһар екен. Себебі мұнда туризмнің түр-түрі дамыған. Оған табиғи байлығы, орналасқан жері толық сай келіп тұр. Афион – апиын деген сөзден шыққан. Әлі күнге дейін аймақта апиын өсіріледі. Яғни, Афион апиынды дәрі, дәмдеуіш үшін өсіруге Түркияда рұқсат берілген […]

Афион музейге бай Афион-Қаракесир қаласында бір-бірінен ерекшеленетін музей көп. Соның ішінде Аихеологиялық музейдің орны бөлек. Музейге кіргеннен қаланың мрамор орталығы екені анық аңғарылады. Мрамормен көмкерілген тарихи экспонаттар бірден өзіне тартады. Мұндағы жәдігерлер сонау қола, мыс дәуірінен тамыр тартады. Тіпті 15 милл жыл бұрын тірлік еткен мамонттың да қаңқасын табасыз. Сондай-ақ […]

Ғасырлар бойы бабадан балаға мирас болған түрік дәстүрінің бірегейі – түрік асханасы әлемге танымал. 21-27 мамыр арасында өтетін Түрік асханасы апталығы ондаған өркениет пен кең ауқымдағы бай география мен тарихты қамтиды. Түрік асханасы апталығы шеңберінде UNESCO Шығармашылық қалалар желісінің шешімімен, биыл “Әлемнің 26-гастрономиялық қаласы” атанған Хатайдың аймақтық тағамдарына басымдық беріледі. […]

Стамбұлдағы аты аңызға айналған Қыз мұнарасы күрделі қалпына келтіру жұмыстары мен бірқатар жаңартулардан кейін Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толған мерейиойына орай, ескерткіш және мұражай ретінде қайта ашылды. Стамбұлдың Азия жағалауында орналасқан Қыз мұнарасы 2021 жылы Мәдениет және туризм министрлігі бастаған қалпына келтіру жұмысынан жергілікті халық пен туристерге есігін қайта […]

Астана және Halyk әкімдігі «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы Меморандумға қол қойды. Газдандыру халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары (ХӘОТ) санатындағы азаматтардың тұрғын үйлеріне, олардың арасында жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға жүргізіледі. Жалпы бюджеті 230 млн. теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған «100 […]

Түркия – әлемдегі туризмі озық дамыған алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Қалаларының әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Бірі тарихи жерлерімен мақтанса, енді біреулері шетелдіктерді ұлттық тағамдарымен баурайды. Жұмыс барысымен Ыстамбұл, Едирне, Бурса, Биледжик шаһарларына ат басын тіредік. Айя София мешітін тамашалап, 15 ғасырдан астам уақыт бұрын салынған Базилика Цистернасын көрдік. Бұл Ыстамбұлдың […]

Түркия биыл алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясын өткізуге дайындалуда. Конференция елдің туризм астанасы – Анталияда  2023 жылдың 9-12 мамырында ұйымдастырылады. Тұрақты туризм мен саяхат үшін жаһандық стандарттарды белгілейтін және осы стандарттарды іске асыруды қадағалайтын Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесі (GSTC) биылғы басқосуға Түркияны таңдады. GSTC – туризм мен саяхатты дамытудың […]