Қазақ тілінде жасанды интеллект әзірленеді

Қазақстанда қазақ тілінде жасанды интеллект өнімдері әзірленеді.

Yandex Qazaqstan компаниясы қазақ тілінде жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуге белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Бұл туралы Qaz.AI Жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы ұйымдастырған шеберлік сабағы барысында компанияның жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі директоры Александр Крайнов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қадам еліміздің ЖИ саласындағы ұстанымын едәуір күшейтуге және жаңа технологиялардың дамуына ықпал етуі тиіс.

Qaz.AI қауымдастығы Қазақстандағы технологиялық компанияларды біріктіріп, білім мен тәжірибе алмасу платформасы ретінде қызмет етеді. Қауымдастық құрылған сәттен бастап ЖИ саласындағы ұлттық даму мен операциялық жүйелердегі өзгерістерді реттеумен айналысады. 31 шілде күні Қауымдастық шеберлік сабағын өткізіп, жасанды интеллектіні қоғамда қалай қолдануға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ оқу барысында қатысушылар жасанды интеллектке байланысты түрлі мәселелер мен мүмкіндіктер жайлы талқылап,  білімдерін тереңдете түсті.

Кездесу барысында Qaz.AI жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы Yandex Qazaqstan-ның жаңа мүше ретінде қосылғаны туралы хабарлады. Басшылықтың айтуынша, Қазақстанда бұл серіктестік ЖИ енгізуді жылдамдатады. Сондай-ақ саладағы негізгі бастамалар бойынша жұмыстар атқарылады.

«Yandex Qazaqstanның  қауымдастыққа қосылғанына қуаныштымыз. Тәжірбиелі, ауқымды сараптамасы бар Yandex Qazaqstan сияқты ірі компанияның мүшелік етуі біздің мүмкіндіктерімізді айтарлықтай арттырады. Инновацияларды ілгерілетуге және еліміз үшін негізгі бастамаларды қолдауға көмектесе отырып, Қазақстанда Ұлттық жасанды интеллектіні дамыту бағытында қызмет етеміз»,деді Қазақстандағы ЖИ дамыту қауымдастығының төрағасы Бақытжан Ешмұхамбетов.

Yandex Qazaqstan қазақ тілінде ЖИ-өнімдерін дайындауға инвестиция сала бастады. Әзірленген жұмыстарын атап өтер болсақ, виртуалды көмекші Алиса; Іздеу мүмкіндіктері мен үлкен генеративті модельдерді біріктірген Нейро қызметі интернеттегі барлық  ақпаратты талдайды, сондайақ ақпараттық дереккөздерді сілтемелермен сыйымды жауапқа жинайды. Белгілі уақыт режимінде жазылған мәтінді аударуға көмектесетін ақылды камераны да атап өтуге болады, іздеу жолағының астында пайда болатын жылдам жауаптар пайдаланушылардың айына 15 мың сағатын үнемдейді. Сондай-ақ видеоны қазақ тіліне аударуға, дыбыстық жолды талдауға және грамматикалық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін Яндекс браузеріндегі видеоның нейрожелілік аудармасы жұмыс істейді.

2024 жылғы шілдеде Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Құжат экономиканың әртүрлі салаларына ЖИ технологияларын енгізуді және 2029 жылға қарай ЖИ өнімдерінің санын бес есеге арттыруды көздейді. Сонымен қатар білікті мамандарды даярлау үшін ЖИ бойынша білім беру бағдарламаларын кеңейту және экономикада мультипликативтік әсер жасау үшін отандық компаниялардың қажеттіліктерін есепке алу жоспарда бар.

Бұл бастамаларды Qaz.AI қауымдастығы Yandex Qazaqstan қызметінің қолдауымен жүзеге асырмақ. Қазақстанға жасанды интеллект саласында көшбасшы позицияларды алуға және ұлттық инновациялық экожүйені нығайтуға көмектеседі.

Qaz.AI Жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркия: Жерорта теңізінде туристер көбейді

Бей Там 8 , 2024
Оқылды: 311 2024 жылдың алғашқы алты айында Жерорта теңізіндегі елге келушілер саны 13,9 пайызға артты. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі Стамбулда өткен баспасөз мәслихатында Түркиядағы 2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысын жариялады. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияға келушілер санының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылмен салыстырғанда 13,9 […]