Қазақ филармониясында «Түркия әуендері» концерті өтті

Кеше Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында «Түркия әуендері» концерті өтті. Концерт түрік бауырларымыздың Республика күніне орай арнайы дайындалды.

Кеш қонақтарының қатарына Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мюдеррисоглу, өнер қайраткері әрі белгілі пианист Жания Әубәкірова, танымал мемлекет қайраткерлері мен қарапайым өнерсүйер қауымның қатары көп болды.

 

Әуезді әсем әнімен тербетіп түрік әуендері келген қонақтарды еріксіз баурап алды. Бағдарламада «Тағы бір Гүлниһал», «Көгершін», «3 вальс», «Ұзақ бір тар жолдамын», «Гүріл симфониясы», Са-на-не», «Devotion Адалдық — Сұлулығың түкке тұрмас», «Жүгіру», «Сары келін», «Үш түрік халық әуені » әндері керемет орындаумен көпшіліктің жүрегін елітіп, бір сәт сезімге бөлегені анық. Осы арқылы қазақ көрермендері түрік халқының бай мәдениеті, тарихы мен азаттық жолындағы жанкештілігі жан-жүрегімен түйсінгені байқалды. Себебі концерт аяқталғаннан кейін де орындаушылардың шығармашылығына орындарынан тік тұрып, қайта-қайта ду қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркия: Тарихқа тұнған Эфелер жолы

Сәр Қаз 30 , 2024
Оқылды: 41 Түркияның көгілдір Эгей жағалауында «тұрақты жаяу жүру жолы» ретінде іске қосылған Эфелер Йолу жолы өткен жылы «Жасыл бағыттардың» «Ең жақсы 100 оқиғасы» тізіміне енген болатын. Тарих пен табиғатты үйлестіретін таңғажайып треккинг бағыттарының соңғы қосымшасы ретінде 500 шақырымдық Эфелер жолы Измирдің Борнова ауданынан басталып, Мәриямның үйінде аяқталады.   Маршрут […]