Қауіпсіздікті қадағалау басты назарда

Әскерилер “Жарақаттың алдын алу” айлығын өткізді. Бұл іс-шара әр әскери қызметкерге өзінің және жанындағы жауынгердің өміріне, денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, жарақат ала қалған жағдайда шапшаң әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.  

Қарағанды өңірлік гарнизонында «Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету» онкүндігі басталды. Онкүндіктің басты мақсаты – жарақаттанудың алдын алу іс-шараларын күшейту». Әскери полиция басқармасы күнделікті негізде әскери бөлімдерде тәртіп пен қауіпсіздікті бақылауды күшейткен. Әсіресе мерзімді қызметтегі сарбаздарға жеке медициналық тексеру жүргізу – жарақаттың алдын алудағы басты тетіктердің бірі:

– Қарағанды өңірлік гарнизоны, әскери полиция басқармасында әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарақаттың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұл іс-шараға әскери қызметкерлер мен медицина мамандары келді,-деді Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы әскери қызметтерді ұйымдастыруды бақылау бөлімінің бастығы – Нұржан Рымтаев.

 Есепті кезеңде Қарағанды гарнизонында жол-көлік оқиғасы, сырқат салдарынан жарақат тіркелген. Сонымен қатар, 93 жарақат қызмет барысында орын алса, тұрмыста – 31 жағдай тіркелген. Жарақаттанудың алдын алу тек әскери қызметте ғана емес, күнделікті өмірде де маңызды. Осы мақсатта Қарағанды гарнизонында арнайы бейнематериал ұсынылмас бұрын түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Әскери қызметте тәртіп пен қауіпсіздік – басты орында. «Жарақаттанудың алдын алу» тақырыбы аясындағы осындай шаралар әскери қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы әскери қызметтерді ұйымдастыруды бақылау бөлімінің бастығы, подполковник Рымтаев Нұржанның пікірінше, «Әскери қызметте, спортта жарақат алу жағдайлары жиі кездеседі. Оған себеп – дұрыс дайындықтың болмауы немесе сақтық шараларын елемеу. Бүгінгі жиында жарақаттың алдын алу жолдарын қарастырамыз«-деді шараны ұйымдастырушылар. Жарақат дегеніміз – адамның сыртқы әсерлер нәтижесінде ағза мүшелері мен тіндерінің анатомиялық тұтастығының немесе физиологиялық қызметінің бұзылуы. Жарақаттар механикалық, химиялық, баротравма, электр жарақаты және аралас түрлерге бөлінеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Президент жолдауын қолдады

Бей Жел 19 , 2024
Оқылды: 20  Әділетті Қазақстан және әскери қызметтегі тәртіп: Президент Жолдауы талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауы еліміздің барлық саласында қызу талқылануда. Әсіресе, әскери қызметтегі тәртіп пен заңның маңыздылығы ерекше назар аударды. Президент жастардың әскерде өз міндеттерін алаңсыз […]