Halyk Homebank қосымшасы арқылы тұрғылықты жерге тезірек тіркеле аласыз.

Тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуді тез әрі ыңғайлы рәсімдеу қажет пе? Halyk Homebank қосымшасындағы бірегей жаңа сервисті пайдаланыңыз және тіркеуге өтінімді бірнеше минут ішінде беруге болады.

     Енді көшіп келген тұрғылықты жерге тіркелу үшін Halyk Homebank қосымшасы орнатылған смартфонның болғаны жеткілікті. Жаңа сервисті пайдаланудың маңызды шарты мемлекеттік дерекқорларда цифрландырылған мәліметтің болуы (тұрғын үй иесі, бірге иеленушілер және тіркелетін адам) және Halyk Homebank қосымшасынатіркелу қажет. Қосымша арқылы өзіңізді, 14 жастан 16 жасқа дейінгі балаңызды тіркей аласыз.

       Мысалы, егер сіз тіркелу қажет тұрғын үйдің иесі болсаңыз, Halyk Homebank қосымшасына кірсеңіз жеткілікті:

1. мемлекеттік қызметтер бөлімінде Тіркелутармағына кіріңіз

2. “тіркелу түрін” таңдаңыз – “тұрақты / уақытша”

3. “өзіңізді” немесе “балаңызды (14-16 жас)” көрсетіңіз

4. “меншік иесі” қойындысында жылжымайтын мүліктің нақты мекенжайын толтырыңыз

5. өзіңіз туралы жалпы ақпаратты көрсетіңіз

6. жолданған СМС-код арқылы өтінімге қол қойыңыз

Өтінімнің нәтижесі экранда көрсетіледі, сондай-ақ оны Halyk Homebank қосымшасының “Тарих” бөлімінде көре аласыз.

           Сонымен қатар, сіз достарыңызды, туыстарыңызды немесе кез келген үшінші тұлғаны тіркей аласыз. Бұл жағдайда банк қосымшасындағы тіркелу бөлімінде “Мен үй иесі емеспін” тармағын таңдап, жылжымайтын мүлік иесінің ЖСН енгізіп, өтінімге қол қою қажет. Келісілгеннен кейін сізге тіркеу нәтижесі туралы хабарлама келеді.

           Банк қосымшасы үшін бірегей қызмет ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және ҚР ІІМ “ақпараттық-өндірістік орталық” РМК қолдауымен HalykHomebank клиенттері үшін цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін кеңейту шеңберінде енгізілді.

           Halyk Homebank қосымшасының цифрлы қызметтері, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің тізбесі үнемі кеңейіп отырады. Клиенттер белсенді дамып келе жатқан цифрлы мемлекеттік сервистердің кең мүмкіндіктерін барынша пайдалана алуы үшін Halyk Bank мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке бизнес серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

9 сәуір – Қазақтың ұлттық тағамдары күні

Жұм Сәу 15 , 2022
Оқылды: 517 Қазақ күнтізбесіндегі 9 сәуір – Қазақтың ұлттық тағамдары күні болып белгіленді. Осыған орай «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының «Qazaq club»-тың ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының Орталық саябағында осы атаулы күнге орай арнайы мерекелік акция ұйымдастырылды. Халқымыз қашаннан да әр үйдің берекесі саналатын асты қатты қадірлеген. «Алтын, күміс тас екен, арпа […]