Қарағандылық ардагерлерге миллион теңге беріледі

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толады. Осыған орай, қарағандылық ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек беріледі.

  • Жеңістің 75 жылдығына орай қалалық іс-шаралар жоспарының жобасы дайындалды. 9 мамырда дәстүр бойынша «Мәңгілік Алау» әскери Даңқ мемориалында еске алу митингі өтеді. Жеңіс саябағында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады, — деп хабарлады Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Жиенбаев.

Сонымен қатар, ардагерлерге қамқорлық көрсету мақсатында «Ардағым Ардагерім» акциясы жалғасады. Қарағанды қаласының еріктілері қарттардың үйіне барып, тазалау жұмыстарын жүргізеді және басқа да тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектеседі. Қарағанды қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан 38 ардагер тұрады.

Биыл ақпан айында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толады. Осыған орай, жауынгер-интернационалистерге 100 мың теңге көлемінде материалдық көмек беріледі. Қаламызда Ауған соғысына қатысқан 698 тұрғын бар.

Келесі мақала

АУСТРАЛИЯ СҰМДЫҚ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

Сәр Қаң 15 , 2020
Оқылды: 977