Қарағанды әскері оқу-жаттығу өткізді

Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізілді.

ҚР Қорғаныс Министрлігі Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионында жаңа оқу кезеңі бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруден басталды. Әскери қызметшілер полигонға шығып, жауынгерлік дайындықты жетілдіру үшін оқу сыныптары мен тренажерларда сабақтар өткізетін болады. Биыл әскери бөлімдерде жауынгерлік оқудың негізгі басымдығы әскери қызметшілердің барлық санаттарының кәсіптік даярлық деңгейін одан әрі арттыру болады. Сондай-ақ, әскери бөлімдерде мамандық бойынша дайындық өтеді. Ол оқу кезеңінің басында өткізіліп, әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады. Жауынгерлік дайындық пәндері бойынша сабақтар басталар алдында жеке құрам қауіпсіздік іс-шараларын ұйымдастырады. Сабақты өткізуде бөлімшелердің белгіленген уақытта қойылған міндеттерді орындау мүмкіндігін бағалау, әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлікке келтіру кезіндегі іс-қимылдарын жетілдіру мақсаты көзделген. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағанды әскери гарнизонында рәміздер күні

Сей Мау 4 , 2024
Оқылды: 345 Мемлекеттік рәміздер күнін тойлаудың басты мақсаты – отандық патриотизм мен Туға, Елтаңбаға, Әнұранға деген құрмет. Қарағанды гарнизоны мемлекетіміздің негізгі нышаны – рәміздердің бекітілген күнін атап өтті. Сондай-ақ, елдіктің тірегін сақтаушы, өскелең ұрпақ үшін қастерлі саналатын мереке күні әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизион қызметкерлері […]