Алматыдағы ауылшаруашылығы форумы Асы жайлауында ұйымдастырылды

Бизнес форум шөбі шүйгін, суы мол Еңбекшіқазақ ауданындағы Асы жайлауында ұйымдастырылды.

Шара барысында өңіріміздің шаруалары, кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдерінен көрме қойды. Мұнда түйенің кептірілген сүтінен бастап, малдың жем-шөбі, минералды, органикалық тыңайтқыштарға дейін бар.

Көрмені тамашалаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көпшілік алдында сөз алып, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолға алынған шаралар жайлы айтты. Ең алдымен ол жұртшылықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл халқының табысын арттыру мақсатында облыс бойынша 8,3 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражатты тиімді пайдалану үшін әр өңірдің ерекшелігіне сәйкес ауыл шаруашылығы саласын дамытуымыз қажет. Ендігі жылы бұл бағдарламаға 14 млрд теңге қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр. Облыс бойынша төрт түлік малдың 65%-ы 133 жайлауда жайылады. Жайылымдар туралы заңға сәйкес, 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары бойынша әр аудан әкімдігі жұмыс жасап жатыр”, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ форумда аграрлық салада бірнеше жыл еңбек еткен бірқатар маманға “Құрметті азамат” атағы және “Алғыс хаттар” табыс етілді.

Жайлауда ұлттық ойын түрлерінен жарыс та ұйымдастырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Тәртіпке бағынған құл болмайды

Сен Шіл 1 , 2023
Оқылды: 355 Қарағанды ​​өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ наркология мамандарымен бірлесіп, Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні қарсаңында Қарағанды ​​гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде профилактикалық іс-шаралар жүргізді. «Өмірді ойла» ведомствоаралық бағдарламасы аясында әскери ортада нашақорлықтың алдын-алу мақсатында қылмыстық заңнаманың талаптары, сондай-ақ есірткі және […]