Оразаның денсаулыққа 10 пайдасы

Биыл да Жаратушының нәсіп етуімен, аман-есендікте Қасиетті Рамазан айымен қауышып отырмыз.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

«Рамазан- ерекше ай. Бұл айда жасалған ғибадат, құлшылықтарға Алла тағала еселеп сауаптар жазады. Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадис-шәріпінде: «Рамазан айында бір жақсы іс жасаған адамға Алла тағала басқа айларда парыз істі орындағанның сауабын береді. Ал парызды орындағанға басқа айларда жетпіс парыздың сауабын жазады»,- дейді діни мамандар.

Ораза-діни парыз, оны орындау тек жанға ғана емес, денеге де пайдалы. Зерттеулерге сәйкес, ораза ұстаған адамның денесі жыл бойына денсаулықты сақтау үшін жақсы емдік әсерге ие болады. Оразаның адамға тигізетін пайдасын атап өтсек:

1.Жасушалар жаңарып, ескісі жойылады. Ораза адам ағзасындағы жасушаларды жандандырып, ағзадағы жаңғыртады. Ағзадағы керек еместерін жою үдерісіне қажет уақытқа дәлме-дәл келеді.

2.Қант диабетінің алдын алады. Ораза тұту қандағы қант үлесін барынша төмен мөлшерге түсіруге үлкен септігін тигізеді. Себебі ораза ұстаған кезде адамның ұйқы безі дем алады.

3.Артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді. Егер ораза ұстаушы ауыз ашқаннан кейін жейтін тамақ мөлшеріне шектеу қойып, дұрыс режіммен жүрсе, бойдағы артық салмақтан арылуға таптырмайтын әдіс.

4.Тері ауруларына пайдасы. Ауыз бекітудің тері ауруларымен күресуде пайдалы әсері бар.

5.Тұз байлану ауруына пайдасы. Тамақ пен судан тыйылып, біраз уақыт ауыз бекіту- бұл дертті емдеудегі ұтымды жол.

6.Қан қоюлануының алдын алады. Көптеген мұсылман және мұсылман емес ғалымдар ауыз бекітудің денедегі майдың құрамын азайтумен қатар, холестерин мөлшерін де бәсеңдететінін жарыса айтады.

7.Адам ағзасын улы заттардан тазартады.

8.Ас қорыту жүйесі дем алады.

9.Жағымсыз тәуелділіктерден арылу. Рамазан айы- шылым шегу, ішімдік ішу, құмар ойындары сияқты жағымсыз, арам әдеттерден арылуға таптырмайтын кезең.

10.Қан қысымын түсіру мен бас ауруына пайдасы. Ауыз бекіту- қан қысымын түсіруге және қанның қоюлану қаупін азайтуға бағытталған табиғи жол.

Алла ұстаған оразаларыңызды қабыл қылсын!

Ақпарат әлеуметтік желіден алынды

аimaq09.kz сайтына дайындаған

Жұлдыз Ғалым, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН САРБАЗЫ

Сей Мам 12 , 2020
Оқылды: 2  055 Бейбіт Оспанұлы Күлмағамбет. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған ауылында 1965ж. дүниеге келген. 1982-1983ж.ж. теміржолда еңбек етті. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің заң фак. бітірген. Әскерде азаматтық борышын өтеп келген соң оқуын бітіріп, 1990ж. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің қылмыстық кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған. 1993ж. Болашақ бағдарламасымен Түркияда, Измир қаласындағы Докуз Ейлюл […]