ҚАДІР ТҮНІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ

Мұсылман ғалымдарының есептеуінше, биыл Қадір түні мамырдың 19-20-қараған түніне сәйкес келеді. Бұл күні қандай амалдар жасау керек?

 

Қадір `Убада ибн Самиттен жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қадір түнінің белгілері туралы былай деген:

«Қадір түнінің белгісі – оның түнық әрі жарық, ал айдың ол түні бейне бір жарқырап тұрғандай болатыны. Ол түн тыныш, суық та емес, ыстық та емес жайлы болады. Бұл түні таң атпайынша жұлдыздардың лақтырылуына рұқсат берілмейді. Оның тағы бір белгісі- таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады, әрі шайтан дарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді»
(Ахмад 5/324)

ҚАДІР ТҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН СҰРАҚТАР
⠀⠀
*ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ КЕРЕК ПЕ?
Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат – тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға-тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу.

*ҚАЙ УАҚЫТТА БАСТАЛЫП, ҚАЙ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ ?:

Ол күн батып, ауыз ашқан сəттен бастап, таң ататын уақытқа дейін жалғасады.

*ҚАДІР ТҮНІ ҚЫДЫР АТА КЕЛЕ МЕ?
Қадір түні де, басқа түні де Қыдыр ата келмейді. Ол – қате түсінік. Қадір түнін дұға, тілек, құлшылықпен өткізген адамға бір жыл бойы береке-бақыт, байлық, ырыс-несібе келеді.

*»ҚАДІР» ДЕГЕН СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ?
Қадір деген сөз «қадірлі» жəне «өлшем», «тағдыр» деген мағыналарды береді. Ол сөздер бұл түннің аса қадірлі екенін жəне адамның бір жылдық тағдыры өлшеніп берілетін сəт екенін білдіреді.

*ҚАДІР ТҮНІ ДАСТАРХАН ЖАЙЫП, ЕСІК-ТЕРЕЗЕЛЕРДІ АШЫП ҚОЮ КЕРЕК ПЕ?
Қадір түнінің құрметіне дастархан жаюдың қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік-терезелерді ашып қою да – қате түсінік. Керісінше, Алла сіздің дұға жасап, намазға жығылғаныңызды, кешірімді, мейірімді адамға айналғаныңызды қалайды. Бұл түні сізден өзгеріп, мүлде жақсы адамға айналғаныңызды күтеді.

*ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ЕҢ ЖАҚСЫ АМАЛ ҚАНДАЙ?
Қадір түнгі ең жақсы амал – Құран оқу, аудармасын оқып, мағынасын түсінуге ұмтылу. Дұға жасау (тілек тілеу), намаз оқу, ата-ананы қуанту.

 *ҚАДІР ТҮНІ ҚАШАН БОЛАДЫ?
Қадір түні – Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27-түн – Қадір түні болуы ең ықтимал түн.

*НЕГЕ ҚАДІР ТҮНІНІҢ НАҚТЫ ҚАЙ ТҮН ЕКЕНІ ЖАСЫРЫН БОЛАДЫ?
Ғалымдардың айтуынша, Қадір түнінің нақты қай күні екенінің белгісіз болуының себебі – мұсылмандар тек осы күнгі құлшылықтарына ғана сенім артып қоймай, Рамазан айының соңғы он түндерінің барлығын ықылас, ыждағатпен өткізулері үшін осылай болған.
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі де Рамазанның соңғы он түнінің бәрінде де құлшылықтарында ерекше ынта танытатын. Бұл туралы Айша анамыз (р.а):
«Рамазанның соңғы он күні келгенде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түндерін намазбен өткізетін, отбасы мүшелерін оятып, құлшылықтарында ерекше құлшыныс танытатын», – деген. (Бұхари, Муслим).
Ендеше, біз де аспаннан періштелер жауып, тілек-дұғалар сөзсіз қабыл болатын берекелі түннен қапы қалмайық!

Ақпарат әлеуметтік желіден алынды

aimaq.kz сайтына дайындаған

Сағындық Шыңғыс, Қарағанды облысы, Қаражал қаласы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

17 мамыр – Аяулы қазақ қыздары күні

Сен Мам 16 , 2020
Оқылды: 2  065 Қазақ қыздары – халқымыздың баға жетпес ұлттық қазынасы http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Бұл күндегі жаһандану үдерісі мен сырттан ұсынылатын жасанды мәдениет үлгілері, сыртқы теріс әсерлер тұтастай алғанда Қазақ қоғамына да әсер етпей қоймады. Кез-келген халықтың бойынан табылатын сол халықты құрдымға алып келуі мүмкін теріс әсерлер […]