АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі “Шеврон” компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумның мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойды

Қазақстандағы АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюм мен “Шеврон” Еуразия бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесc Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясы мен “Шеврон” арасында “Makerspace Expands!” бағдарламасы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумның мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойды.

Жыл сайын бұл бағдарлама мыңдаған қазақстандық жастарға Makerspace желісі арқылы ғылым, технология, инженерия, өнер және математика саласында (STEAM) білім беру мен оқу ресурстарын қамтамасыз етеді. Ол бүкіл Қазақстан бойынша идея шығару, зерттеу және бөлісу арқылы үйренуге мүмкіндік туғызатын жұмыс кеңістігі. Қазір ел ішінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Орал және Павлодар қалаларында алты Makerspace алаңы жұмыс істейді.

Серіктестігіміздің мақсаты – жастарды бүгінгі таңда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті білім мен дағдылармен, және оларға жоғары технологиялық ресурстарға, инновациялық бағдарламаларға, пікірлес адамдарға, өміршең іскерлік байланыстарға және жігерлендіруші тәлімгерлерге қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету”, – деді Елші Розенблюм шара барысында өз сөзінде.

“Makerspace Expands!” бағдарламасы 2020 жылы басталған болатын және содан бері үш толық жабдықталған Makerspace кеңістігі ашылды, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан үш кеңістік жаңартылды. Makerspace кеңістіктері заманауи жоғары технологиялық жабдықты пайдалану, сарапшылардың курстарына қатысу және тәлімгер табу мүмкіндіктерін береді. Тек былтыр ғана 16 мың қазақстандық “Makerspace Expands!” бағдарламасына қатысқан болатын. Бұл Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы тараптар Makerspace кеңістіктерінің санын арттыруға және кемінде үш жылда бүкіл елді қамтуға ниетін білдіріп отыр. Сонымен қатар ол АҚШ Дипломатиялық миссиясы мен “Шеврон” арасындағы серіктестіктің маңызды бір сатысы, әрі “Makerspace Expands!” бағдарламасы аясында 900 000 АҚШ доллары сомасында Қазақстанның адами капиталына инвестиция құюға дайындығын білдіріледі.

“АҚШ Дипломатиялық миссиясымен серіктестігіміз біздің Қазақстандағы ең басты бағдарламаларымыздың бірі. Біз оның нәтижелерін мақтан тұтамыз: 2015 жылдан бері мыңдаған қатысушы біздің робототехника, АТ, бейне шығару, сыни ойлау курстарымызға, чемпионаттарымызға, хакатондарымызға және семинарларымызға қатысты. Олардың көпшілігі STEAM саласын өздерінің мансап жолдары ретінде таңдап алды, – дейді Магнесс мырза. – Біз АҚШ Дипломатиялық миссиясымен ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға, жаңа MakerSpace кеңістіктерін бүкіл елде ашуға және көптеген жастарға STEAM саласында білім алуға, мансаптық мүмкіндіктерін арттыруға және Қазақстанға пайда әкелуіне барымызды саламыз”.

Makerspace бағдарламалау, 3D модельдеу, визуалдық контент шығару және т.б. салаларда қолданбалы дағдыларды дамытатын курстар мен семинарлар ұсынады. Бұл кеңістіктерде жоғары сынып оқушылары, студенттер және жас мамандар өз дағдыларын арттырып, білім алу және мансаптық мүмкіндіктерін арттыру, ойы бір жерден шығатын адамдармен қауымдастық құру мүмкіндігіне ие болады. Кеңейтілген “Makerspace Expands!” бағдарламасы тек техникалық дағдыларды дамытумен шектелмейді. Ол серіктестер желісі арқылы шығармашылық, көркемөнер саласын дамытуға, Қазақстандағы шығармашыл индустрияны нығайтуға көмектеседі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркия: Анталия - әлемдегі ең танымал гольф демалыс орындарының бірі болып саналады

Бей Қаз 26 , 2023
Оқылды: 283 Кез келген адам үшін Түркия саяхатшыларға керемет табиғатты, таңғажайып жағажайларды, көне қалалардың ашық аспан астындағы мұражайларын және аймақтық тағамдар мен ойын-сауықтардың алуан түрлі таңдауын ұсынады. Сонымен қатар, әлемге әйгілі гольф сәулетшілері жасаған жұмсақ климаты және жасыл алаңдарымен Түркия әлемдегі ең танымал гольф демалыс орындарының бірі болып саналады. Атап […]