Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің тәрбиесі мен психологиялық саулығы – басты назарда тұрған маңызды мәселелердің бірі. Мектеп жасындағы балалар білім алып қана қоймай, тұлғалық қалыптасу жолынан өтеді. Дегенмен, соңғы жылдары білім беру мекемелерінде жиі кездесетін буллинг (қорлау) мәселесі бұл процестің күрделене түскенін көрсетеді.
Буллинг – бір оқушының екіншісіне жүйелі түрде қысым көрсетуі, мазақ етуі немесе әлеуметтік оқшаулауы арқылы жүзеге асатын зорлық-зомбылықтың бір түрі. Бұл құбылыс жасөспірімнің психикалық, эмоциялық және тіпті физикалық дамуына кері әсер ететін қауіпті әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылады.
Статистикалық мәліметтер:
2024 жылы 10 қыркүйекте Астанадағы №83 мектеп-гимназиясында бір топ оқушы қатарласына буллинг жасаған. Жағдайдың анығын білген соң жасөспірімдер мектепішілік есепке алынды. Бұл туралы елордалық полиция департаменті хабарлады.
Сондай-ақ шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында да қыздар қатарласына буллинг жасаған. Мектеп жасындағы қыздар құрбысын бейәдеп сөздермен қорлап, тізерлетіп кешірім сұратқан. Бұл оқиға 2024 жылы 7 қазанда болған. Сондай-ақ бейнежазбада жасөспірімдердің шылым шегіп отырғанын көруге болады.
Буллингтің түрлері мен белгілері. Буллингтің бірнеше түрі бар:
Жасөспірім буллингке ұшырағанда өзіне сенімсіз болады, оқуға ынтасы жоғалады, жалғыздық сезімін бастан кешіреді. Көп жағдайда бұл жағдай психологиялық жарақатқа, күйзеліске немесе суицидтік ойларға дейін апаруы мүмкін.
Буллингтің басты себептері мыналар болуы мүмкін:
Буллинг туралы әр түрлі адамның пікірін алдық.
«Баламыз кешке көңілсіз келеді, сұрасақ, «ештеңе» дейді. Кейін білсек, мектепте балалар мазақтап, келемеждеп жүрген екен. Бала ішіне бәрін жасырады, бұл — өте ауыр жағдай»,-дейді Теміртау қаласынан Феруза Жолдасова.
Біз кейде буллингті байқамай қаламыз. Кейбір балалар өте мейірімді, бәрін жасырады. Сондықтан мектеп психологымен ата-ана, мұғалім, оқушы тығыз байланыста болуы керек»,-дейді мектеп мұғалімі Асанбаева Рысалды.
…. … …
Психолог
«Буллинг — тек мектептің емес, ата-ананың да қадағалауынан туындайды. Балаға үйде махаббат, сенім мен тәртіп керек.»
«Буллингтің алдын алуда тәрбие жұмысы — басты құрал. Мұғалім тек сабақпен ғана шектеліп қалуға болмайды, сынып ішінде сенім мен сыйластық атмосферасын құру қажет.»
Мадинабану Саматқызы Маханова
Академик Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультетінің 2 курс студенті