Сарбаздар Отанға адалдық антын қабылдады

Өткен демалыс күндері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің 44803 әскери бөлімінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шарада Алматы, Астана және Тараз қалаларынан келген 117 жас сарбаз командирлер, Қарулы күштердің ардагерлері мен туған-туыстарының алдында Отанға адал қызмет етуге серт берді.

– Біз екінші взводта жүргізуші-маман болып қызмет етіп жатырмыз. Бір айдың ішінде әскери ортаға бейімделдік, командирлер жақсы бағыт-бағдар беріп келеді. Армиялық тәртіпке үйреніп, дене дайындығымызды күшейттік. Қазір өзімді шыныққан, тәртіпке бейім азамат ретінде сезінемін, – дейді өз әсерімен бөліскен қатардағы жауынгер – Қуаныш Оңғар.

Сарбазды қолдауға келген анасы Бақытгүл Қаныбекова да қуанышымен бөлісті:

 – Ұлымның әскери ант қабылдағанын өз көзіммен көру – үлкен мәртебе. Бұл – әр ата-ана үшін ерекше сәт. Ұлымның ел қорғаны ретінде азаматтық борышын абыроймен атқаруын тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді ол тебірене.

Іс–шара соңында ата-аналар сарбаздардың тұрмыс жағдайымен танысып, ұлдарына алғашқы қысқа мерзімді демалысқа шығуға мүмкіндік алды. Ант қабылдағаннан кейін жас сарбаздарға штаттық қару мен әскери техника бекітіліп, олар әскери шеберліктің негіздерін меңгеруге кіріседі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Отан деп соғады жүрегім 

Бей Мау 26 , 2025
Оқылды: 187 Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-шы бабында: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» – деп жазылған. Осы Ата заңымыздың қағидасы аясында егеменді еліміздің ер азаматтары әскер қатарына шақырылып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын толықтыратыны анық. Отан алдындағы өздерінің азаматтық борыштарын өтек үшін, алдымен әскери өмірге […]