Темір торға тоғытылған азаматтар арасында сайыс өтті

Елордада темір торға тоғытылған азаматтар арасында КВН сайысы өтті. 1 сәуір – Күлкі күніне орай өткізілген шараны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырды.

Сайыс ЕЦ-166/1 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының істі болған азаматтары арасында өтті. Шараға 11 адамнан тұратын үш команда қатысты. Бұл – жасақтағы сотталғандардың жалпы санының 80 пайызға жуығы.

Сахнада шаруашылық қызмет көрсету жасағының күнделікті өмірінен көріністер, танымал эстрада орындаушыларына пародиялар көрсетілді.

Мұндай іс-шаралар ең алдымен жасақтағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Істі болған азаматтарға бұл сайыс жақсы көңіл-күй сыйлап, ең болмағанда жазаны өтеу сынды қиындықтардан біраз уақытқа арылуға мүмкіндік береді, сондай-ақ олар жақсы жаққа өзгереді. Бұл олар үшін бостандыққа шығудың тағы бір қадамы сияқты көрінеді, – деді мекеме бастығының м.а. Әділет подполковнигі А. Нұрсейіт.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Fake news. Fact-checking семинар-тренингі

Сәр Сәу 6 , 2022
Оқылды: 904 «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры 2022 жылдың 8-9 сәуірінде Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясының қолдауымен,Алматы қаласында «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді. Семинар-тренингтің ашылу салтанатына Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып, журналистермен кездеседі. Британиядағы «Avrupa» медиа холдингінің басшысы Ватан Өз бен ВВС […]