«Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ «Қазақстанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасын іске асыру шеңберінде Үкіметтік емес ұйымдарына арналған Республикалық шағын гранттар байқауын жариялайды.
Байқау мақсаты –2030 жылға дейінгі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау.
Гранттардың болжамды бағыттары:
• Қазақстанда білім беру деңгейін арттыруды, сондай-ақ оның қолжетімділігін іске асыруға бағытталған жобалар (ТДМ 4);
• Гендерлік теңдік деңгейін арттыруға бағытталған жобалар (ТДМ 5);
• Теңіз экожүйелерін сақтауды қолдау бойынша жобалар (ТДМ 14);
• Құрлық экожүйелерін сақтауға қолдау көрсетуге бағытталған жобалар (ТДМ 15);
• Құқықтық мәдениетті арттыруды, сот төрелігін сақтауды және тиімді институттарды қалыптастыруды қолдау жөніндегі жобалар (ТДМ 16);
• Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікке бағытталған жобалар (ТДМ 17);
• Қазақстанда ТДМ сапалы жүзеге асыруға бағытталған жобалар;
• Ережеге сәйкес келетін басқа да бағыттар.
Өтінімдер ұйымдастырушының greenkaz.kz@gmail.com поштасы арқылы 2-20 маусым аралығында қабылданады.
Байқау қортыныдысы бойынша 7 ҮЕҰ жеңімпаз таңдалып, әрқйсы 500 000 грантқа ие болады.
Байқау ережесі www.greenkaz.org сайтынды
#cisckz #cisc #цпгикз #sdg #sdgkz
Сұрақтар бойынша жоба жетекшісі Алишер Акказеновқа хабарласуға болады
Тел.: +77778678335
Электрондық пошта: a.akkazenov@group-global.org