Үкіметтік емес ұйымдарға арналған шағын гранттар байқауы!

🟢«Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ «Қазақстанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасын іске асыру шеңберінде Үкіметтік емес ұйымдарына арналған Республикалық шағын гранттар байқауын жариялайды.

🎯Байқау мақсаты –2030 жылға дейінгі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау.

♻️Гранттардың болжамды бағыттары:

• Қазақстанда білім беру деңгейін арттыруды, сондай-ақ оның қолжетімділігін іске асыруға бағытталған жобалар (ТДМ 4);
• Гендерлік теңдік деңгейін арттыруға бағытталған жобалар (ТДМ 5);
• Теңіз экожүйелерін сақтауды қолдау бойынша жобалар (ТДМ 14);
• Құрлық экожүйелерін сақтауға қолдау көрсетуге бағытталған жобалар (ТДМ 15);
• Құқықтық мәдениетті арттыруды, сот төрелігін сақтауды және тиімді институттарды қалыптастыруды қолдау жөніндегі жобалар (ТДМ 16);
• Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікке бағытталған жобалар (ТДМ 17);
• Қазақстанда ТДМ сапалы жүзеге асыруға бағытталған жобалар;
• Ережеге сәйкес келетін басқа да бағыттар.

📩Өтінімдер ұйымдастырушының greenkaz.kz@gmail.com поштасы арқылы 2-20 маусым аралығында қабылданады.
👤Байқау қортыныдысы бойынша 7 ҮЕҰ жеңімпаз таңдалып, әрқйсы 500 000 грантқа ие болады.

▶️Байқау ережесі www.greenkaz.org сайтынды
#cisckz #cisc #цпгикз #sdg #sdgkz

📥Сұрақтар бойынша жоба жетекшісі Алишер Акказеновқа хабарласуға болады
📞Тел.: +77778678335
📪Электрондық пошта: a.akkazenov@group-global.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«ЕРКІН СӨЗ»-2022 ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ

Сей Мау 7 , 2022
Оқылды: 484 «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ және “Халық банкі” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында қаржы тақырыбына өтетін “Еркін сөз”-2022 шығармашылық байқауының ережесі.«ЕРКІН СӨЗ»-2022 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ Жалпы ережелер «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің шығармашылық қарымын күшейту және журналистерді ынталандыру мақсатында өтеді. Байқаудың міндеттері: […]