Бір жарым жастағы Ратмир ыдыс жууға арналған химиялық затты ішіп қойған. Салдарынан баланың өңешін күйік шалып, іш құрылысы қатты зақымданыпты. Қарағанды облысында өткен жылы химиялық заттарды ішіп қойған 47 бүлдіршін өңеш күйігін алған екен.

Қарағанды қаласындағы ЖБИ аталып кеткен елдімекенде қаңтардағы бораннан кейін қоқыс жәшіктері толып, айналасын қалың қар басып қалған. Үйіндіге омбылап жеткен тұрғындарға қалдық заттарды төгудің өзі мұң болыпты. Телеарнаның түсірілім тобы барғаннан кейін, Октябрь ауданы әкімдігінің қадағалауымен жауапты мекеме қоқысты тазалады.  

Аймағымызда наурыз айының үшінші онкүндігінде қар күрт ериді деген болжам бар. Сол себепті Нұра өзені аудандағы облыстық маңызы бар жолға қауіп төндіріп тұр.

Елімізде Рухани жаңғыру бағдарламасы 3 жылдан бері жұмыс істеп жатыр. Бағдарлама аясында 1000-тарта жоба ұсынылған. Биыл оның жүз отыздан астамына қолдау көрсетіледі. Ал, журналистер қауымы «Рухани жаңғыру бағдарламасы мемлекеттік тілді ұлықтаудан басталу керек»,- дейді.

Қарағандыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бүгінгі күні шаһарымыздағы еңбек нарығында 1500-ден аса бос жұмыс орны бар.

Қарағанды өңірі республикада ақпараттық технологияларды дамыту бойынша көшбасшыларының бірі болып отыр.  IT және маркетинг жайында өткен бесінші конференцияда өзекті мәселелер қарастырылды.

Кемел елдің келешегінің тұтқасы – жастарда. Қазақстан жастарына бүгінде мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктер мен жаңа тенденциялар бар. Мәселен, 2019 жылы республикада «Жастар жылы» деп жарияланып, ауқымды іс-шаралар өтіп, көп жасты жұмыспен, баспанамен қамту, олардың шығармашылық әлеуетін кеңейту, сапалы білім беру т.б мәселелер басты нысанаға алынып, орындалды. Оған жастар кадрлық […]

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ел алдында 3 сағат бойы есеп беріп, өңірдегі барлық сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жайында баяндама жасады. Кездесуде аймақ басшысы тұрғындарды толғандырған өзекті сұрақтарға жауап берді.