Қазақ журналистер Балыкесир мэріне шапан жауып, алғыс айтты. Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Түркияның  Балыкесир қаласындағы сапары барысында Балыкесир қаласының мэрі Йүджел Йылмазбен кездесті. Кездесу барысында делегация жетекшісі, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Йүджел мырзаға қонақжайлығы үшін алғысын білдірді: «Балыкесирдегі бағдарламаның алғашқы күні-ақ қазақ журналистер қаланы қатты ұнатты. Медиа саласындағы […]

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қарағандыда «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының Qazaq club бастамасымен «Тәуелсіздік белгісінің» тұсаукесері өтеді. Биыл көпшілікке ұсынылғалы отырған «Тәуелсіздік белгісі» осыған дейін 2020 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік лентасының» негізінде жасалды.  Төсбелгінің ортасында Қазақстан Республикасының қазіргі жер аумағын бейнелейтін карта көрініс тапқан. Сонымен қатар […]

Қарағанды гарнизоның механикаландырылған бригадасы жаңа жылға арналған міндеттерді айқындады. «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде мамандық бойынша дайындық сабақтары өткізіліп, сарбаздардың жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған. 31775 әскери бөлімінде жаңа оқу жылы жауынгерлік даярлық сабақтарынан басталды. Әскер қатарына келгеніне бір жарым ай болған сарбаздар алғаш […]

Ақсақалдар, ақылман арда асылдар, Кеудесінде дәстүрдің қамбасы бар. Бойларында намыстың жалғасы бар, Ойларында дария арнасы бар. Қариялар, ақылгөй абыздарым, Тірілткен талай тарих аңыздарын. Құны немен өлшенер сен дарытқан, Тәрбие дейтін құнды қазынаның. Батагөй қасиеттім қара шалдар, Кемеңгер, әрқайсысы қара нарлар. Өсем деген ұрпақтың бүгінгісі, Қариясын сыйлаумен дараланар. Өткен мен кеткенді […]

Қарағанды қаласындағы бірнеше кәсіптің иесі, көптеген марапаттарға ие болған, сонымен қатар білім беріп, оқытушы болып жүрген Тлек Шотаев – сұхбатымыздың қонағы. Жастайынан тынбай еңбек етіп, бүгінгідей нәтижелерге жетіп жатқан білікті кәсіпкер өз тәжірибесімен таныстырды. “Білікті білім жинап, кәсіп етер, білімнің дәмін татып, өсіп-өнер” демекші, білікті тұлғаның жинаған білімі мен қаншалықты […]

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры және “Халық банкі” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында қаржы тақырыбына өтетін «Еркін сөз-2022» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты кеші Алматыдағы “Қазақстан” қонақ үйінің Grand Palac залында өтті. Шараға журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты. Бас жүлдеге 500 мың теңге, ал арнайы марапатқа 100 мың теңге ақшалай […]

Қазақстан Республикасы Карулы Күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің катысуымен болатын жолкөлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту және Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамдарының кәсіби дайындығы мен құқықтық сауаттылығын арттыру мен жол кауіпсіздігінің алдын-алу. 2022 жылдың 22 қарашасында әскери 31775 әскери бөлімінің жеке […]

Өткен күндері Қарағанды қаласының политехникалық колледжінде Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 15 қараша – Қазақ батырлары күніне орай жарияланған «Батырлар мұрасы» онкүндігі аясында қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына, Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығына, Ақжолтай Ағыбай батырдың 220 жылдығына және қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметтің туғанына […]

Қарағанды гарнизонына қарасты, Астана өңірлік қолбасшылығы, 31775 әскери бөлімінде Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының алдын-алу бөлімінің офицерімен «әскери бөлімді өз еркімен тастап кету және әскери қызметшілер арасындағы жарғылық емес қатынастарға жол бермеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Аталмыш шара барысында әскери қызметкерлер мен жас сарбаздардың қатысуымен әртүрлі сипаттағы сұрақтар қойылды және […]

Дəл осы күн жаңалық боп тосыннан, Түркі жазуы құпиясы ашылған. Дат ғалымы Вильгельм сол жазудың Кілтін тапты-ау: сан ғасырлар жасырған. Ескерткіштер тіл қатар не жайында? Осы сұрақ салды бізді уайымға. Жұмбақ күйде ескерткіштер бой түзді, Орхон менен Енисейдің бойында. Бедері мен ескерткіштің бүртігін, Анықтай кеп құпия сөз, жыр тілін, Дат […]