Журналистер ағылшын тілі курсына қатыса алады

Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдау!
Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің атынан «Next Level English» журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдауды бастайды!


Бағдарлама жұмыс істейтін журналистер үшін ашық. Қатысу шарттары:
• журналист қазіргі уақытта теледидарда/радиода/баспа басылымдарында/онлайн БАҚ-да жұмыс істеуі керек
• Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Ақтау, Өскемен немесе Шымкент қалаларында тұруы тиіс
• ағылшын тілі деңгейі Elementary деңгейінен төмен емес (CEFR A2)
• осы Бағдарламаға қатысуға Басшының келісімі болуы тиіс
– Топтағы адам саны – 10-нан 15 адамға дейін.
– Курстың ұзақтығы – 9 ай (аптасына 3 сабақ, жергілікті мұғаліммен 2 және тіл иесімен 1 пікірталас клубы).
– Сабақ уақыты: 2021 ж 22 қарашадан бастап 2022 ж. 4 шілдеге дейін.
– Қатысу – тегін.
– Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2021 жылғы 10 қараша.
Бағдарламаға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:
https://journalism.nle.kz/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Құжаттарды үйден шықпай рәсімдеңіз

Сей Қар 2 , 2021
Оқылды: 818 Жас ата-аналар енді  үйден шықпай-ақ дүниеге келген бала үшін алатын мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдей алады. Үйден шықпай, қашықтан қолдануға болатын қызметтің саны күн сайын артып келеді. Азық-түлік пен тамаққа тапсырыс   беру оп–оңай. Киноға, тіпті басқа елге бару үшін де билет сатып алу әлде басқа қалаға ақша қаражатын аудару, мұның барлығы қазіргі уақытта бірнеше түртумен орындалатын қызметтердің бірі. Ешқандай мәселе жоқ. Бастысы интернетке […]