Жауынгерлік даңқ лентасы

Қарағанды қаласында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай «Жауынгерлік даңқ» лентасының тұсаукесері болып өтті.

Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының                                             

бастамасымен Қазақ халқының әскери салттарын ұлықтауға және оларды жастар арасында

насихаттауға арналып шығарылған «Жауынгерлік даңқ» лентасының тұсаукесері болып өтті.

Тұсаукесер салтанатында сөз сөйлеген жоба авторы Н.Сұршаұлы аталған лентаның жастарға

патриоттық тәрбие беруде үлкен тәрбиелік мәнге ие екендігін айта келе «Тәуелсіздігіміздің тірегі

болған ұлттық мұрамыз Отан қорғауды өмірінің мәні деп өткен батырларымыздың ел алдындағы

еңбектерін және қазақтың жауынгерлік тарихын насихаттау мақсатында жарық көрген

«Жауынгерлік даңқ» лентасы қазақтың әскери тарихын сонау сақтар заманынан бастап

насихаттайтын тәрбиелік мәні терең таспа»,-деп атап өтті. Атап айтар болсақ, сонау Сақтар заманынан бастап,

ел қорғауда өшпес із қалдырған Шырақ батыр, Түркі қағанатын бодандық езгісінен құтқарған Құтлық қаған,

Қазақ-жоңғар соғысында ел қорғауда ерен еңбек еткен қолбасшы Бөгенбай мен Қабанбай батыр,

патшалық отарлауға қарсы күрес жүргізген Исатай Тайманұлы, ұлт-азаттық көтеріліс барысында

шынайы батырға бергісіз ерлік үлгісін көрсеткен Кейкі батыр, Ұлы Отан соғысында үлкен қолбасшылық

дарынымен көзге түскен Б.Момышұлы және барша қазақ қыздарының ел қорғаудағы өшпес жолын

жалғастырған Ә.Молдағұлова, Ауған соғысында ерекше батырлығымен көзге түскен әйгілі Қара майор атанған

Б.Керімбаев бейнеленген. Сонымен қатар лентада бейнеленген Ердің бес қаруы қазақтың жауынгерлік

салты мен жолын білдірсе, ең үстінде тұрған Қазақстанның картасы мен көтеріліп келе жатқан күн бейнесі,

лентаның көк түсі еліміздің бейбітшілікті сүйгіш ел екеніне меңзейді. Шара барысында сөз алған Қарағанды

облысы бойынша халықаралық Қазақ тілі қоғамы ұйымының төрағасы, профессор Т.Көкетаев осы сынды

ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жобалардың жас ұрпаққа аса қажет екендігін атап өтіп,

алдағы уақытта Жауынгерлік даңқ лентасының жастар тәрбиесінде өзіне лайықты орнын алатынына

сенім білдірді.

Жалпы алғанда, аталған жоба «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясымен қолға алынған

23 жоба болып болып табылады. Осыған дейін ұйымдастырушылар Тәуелсіздік лентасы,

Қазақ күнтізбесі сынды бірегей жобалаларды көпшілікке ұсынған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Halyk Bank бизнеске арналған инновациялық мобильді банктер рейтингінде үздік атанды

Сей Мам 11 , 2021
Оқылды: 885 SME Banking Club 2021 Digital Forum-да ТМД және Кавказ елдеріндегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банк – Mobile Business Banking 2021 және Business Online Banking 2021 бойынша зерттеу нәтижесін таныстырды. Halyk Bank Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінде үздік атанып, сондай-ақ ТМД және Кавказ елдеріндегі ТОП-20 үздік мобильді банк қатарына енді. Зерттеу нәтижелері өңірдегі бизнеске арналған мобильді […]