Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту басты міндет

«Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс – шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасын іске асыруға арналған баспасөз конференциясы. 

28 шілдеде сағат 10:00-де «Замандас» отбасылық аула клубында «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс – шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасын іске асыруға арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Жобаның мақсаты – жастар арасында отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайту.
Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген гранттық қаражат есебінен іске асырылады.
Брифингте ҚР АҚДМ және АБҚО өкілдері, Ләззат Елубайқызы Алшынова, Замандас 21 ҚҚ басшысы; Варвара Марховец, жоба үйлестірушісі, Наталья Николаевна Семененко, психологиялық қызметтің басшысы сөз сөйлейді.
Жобаны іске асыру мерзімі: сәуір-қараша, 2022 жыл.
Жобаны іске асыру географиясы: ҚР барлық өңірі.
Жоба аясында білікті отбасылық психологтарды тарта отырып, жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша республикалық жобалық кеңсенің қызметі ұйымдастырылды. Консультациялар жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін онлайн және офлайн форматта жүргізіледі.
Жобаның тағы бір бағыты – білім беру ұйымдарында саналы ата-ана, әке болу мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу, оның ішінде балалармен және ата-аналармен бос уақытты ұйымдастыру.
Жобаны іске асыру кезеңінде отбасылық құндылықтарды және жалпы отбасын нығайтуға бағытталған белсенді қатысушыларды марапаттау (жүлде қорымен), конкурстар, акциялар өткізіледі. Ол конкурстар Отбасы күніне, халықаралық әкелер күніне, Халықаралық Отбасы күніне орайластырылған.
Отбасылық-неке қатынастары мәселелері бойынша онлайн және офлайн дәрістер, семинарлар мен топтық тренингтер және шеберлік сабақтары өткізіледі.
Youtube арнасында «Бақытты отбасы атанудың жолдары қандай?» атты видеоресурс бар, онда кемінде 500 жұп отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша сұрақтарға жауап таба алады.
Ақпараттық қолдау әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көрсетіледі.
Жобаның бенефициарларына ой – пікірлер жиналады. Жоба соңында барлық пікірлер көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау үшін жіктеледі.
Оқыту мен кеңес беру мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді.

28 шілде 2022 жыл «Замандас» ОАК
Уақыты:10: 00 Нұр-Сұлтан қаласы, Қошқарбаев даңғылы, 44

Онлайн қосылу сілтемесі:
ZOOM конференциясына қосылу
https://us06web.zoom.us/j/86533131174?pwd=SWZ6bWJBdnk4dTdVSUtZRnR6NzNkUT09
Конференция идентификаторы: 865 3313 1174
Коды: 123456

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«ЖАУЫНГЕРЛІК ДАҢҚ» ленталары табысталады

Сәр Шіл 27 , 2022
Оқылды: 417 27 шілде – Бабалар күніне орай «ЖАУЫНГЕРЛІК ДАҢҚ» ленталарын табыстау туралы Қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау мен сақтауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 27 шілде – Бабалар күніне орай келесі азаматтарға қазақтың әскери мұрасы мен тарихын насихаттайтын «Жауынгерлік Даңқ» лентасы ТАБЫСТАЛСЫН: 1. Ермек Әбілдинге – Соқыр қорымын Жалаңтөс батырдың есімімен атау […]