Өзбекстанда ШЫҰ аясында туристік индустрия форумы ұйымдастырылады

9-20 мамырда Ташкенттегі «Hilton Tashkent City» қонақ үйінде Өзбекстан Республикасының төрағалығы аясында ұйым мүшелері-туристік индустрия өкілдері 2022 жылғы ШЫҰ саммитінде бас қосады.

20 мамырда академиялық және іскерлік ортаның, ұйым мүшелері-туристік индустрия өкілдерінің қатысуымен «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» туристік форумы өтеді. Форумда халықаралық туризмнің, Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдени мұрасын сақтау және насихаттаудың, сондай-ақ туризм және мәдени мұра саласы бойынша ғылыми-техникалық әріптестік аясын кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланады.Кездесуде туристік ведомстволардың басшылары туристік саяхаттарды жедел жаңғыртудың бірлескен бастамалары, экономикалық өсудің мультипликаторы ретінде туризмнің рөлін арттыратын жаңа жобалар мен бағдарламаларды қарастырмақ.Алдағы отырыстардың күн тәртібіне ШЫҰ-на мүше елдердің арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің және музей ісі саласындағы өзара әріптестік туралы меморандумның жобалары енгізілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Алматы-Ташкент пойызы жүре бастады

Сәр Мам 18 , 2022
Оқылды: 791 17 мамыр 2022 жыл. Ташкент. Араға екі жарым жыл салып барып, Алматы-Ташкент-Алматы бағытындағы пойыз қайта жүре бастады. 2020 жылы коронавирусқа қатысты тоқтап қалған жолаушылар пойызы енді «Алматы-2» теміржол вокзалынан Ташкенттің «Ташкент-Орталық» вокзалына дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері шықса, Ташкенттен Алматыға сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері жүреді. Жалпы саны 24 вагоннан […]