Тамыздың жиырма төрті – Туған жер күні

Қадірлі отандастар! 

Сіздерді Қазақ күнтізбесіндегі тарихи күн 24 тамыз -Туған жер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақ қазақ болғалы, ел мен жер үшін күрес күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Шамасы осыдан болу керек, ұлан-ғайыр қазақтың жері сонау Алтайдан бастап, Каспийге дейін созылып жатыр. Бұл елім-жерім деп саналы ғұмырын аттан түспей өткізген ұлт перзенттерінің бізге тапсырған аманаты. Жер – мемлекеттің негізі деген Мөде қағанның сөзі еске түседі осы орайда.
1920 жылы қазан айында Қазақ Автономиялы республикасы жарияланбас бұрын қазақ жерінің шекарасын белгілеу ісін ұлт қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков қолға алды. Олар қолға алған осы маңызды жұмыстардың арқасында 1920 жылдың 24 тамызында Қазақстанның ұлттық мемлекеттік территориясы бекітілді.
Қадірлі отандастар, сіздерді ұлт мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің айшықты датасы болып табылатын 24 тамыз – Туған жер күнімен құттықтаймыз! Ұлт қайраткерлерінің жасаған еңбегін ұмытпау біздің парызымыз. Еліміз гүлдене берсін!

Мұқтар Шаханов ақын, қоғам қайраткері.

 

Қадірлі отандастар!

Сіздерді ұлт құндылықтарын сақтау, насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі айтулы күннің бірі 24 тамыз -Туған жер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл барша халқымыз үшін тарихи мәні терең күн! 1920 жылы қазан айында Қазақ Автономиялы республикасы жарияланудың алдында қазақ жерінің шекарасын белгілеу мақсатында ұлтымыздың біртуар перзенттері Ахмет Байтұрсынұлы пен Әлихан Нұрмұхаммедұлының, Әлімхан Әбеуұлының В.Ленинмен кездесіп, осы күні 1920 жылдың 24 тамызында Қазақстанның ұлттық мемлекеттік территориясын бекіттірді. Ал 1920 жылдың 26 тамызы күні Қазақ автономиясын құру және оның жер көлемін белгілеу жөнінде декрет дүниеге келді. Ұлт ұлыларының еңбегін паш ететін бұл күн, ел үшін жанқиярлық пен туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің озық үлгісін насихаттайды.
Барша қазақ жұртын 24 тамыз – Туған жер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз өркендей берсін!

Темірғали Көкетаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, профессор.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Зағип жандарға арналған қазақстандық жаңа Брайль құрылғысының ерекшелігі  

Жұм Там 27 , 2021
Оқылды: 737   Ғалым Ғалымжан Ғабдрешов вайс қалай жұмыс істейтінін және инвестор кім болғанын айтып берді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 86 мың зағип адам бар. Олардың арасында әлі оқи алмайтын балалар да бар. Оларды сауаттылыққа және оқуға үйрету үшін жаттығулар жасалды. – Ғалымжан, нашар […]