Талғат Нәрікбаев қазақстандық ЖОО-лардағы ғылыми мектептердің сабақтастығы мәселесін көтерді

Елімізде заң шығару қызметі сапасы деңгейінің төмендеуінен бөлек, ерекше қауіпті мәселелердің бірі – ғылыми мектеп сабақтастығын қалыптастыра алмау. Бұл туралы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев «Өзбекстанда заң ғылымын дамытудың және заң шығару қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференциясында мәлімдеді.

Халықаралық конференция барысында Басқарма төрағасы академиялық мансаптың тартымдылығын жоғалтуға қатысты пікірімен бөлісті.

«Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы 129 мың теңгені (300 АҚШ доллары) құрайды, яғни елдегі орташа жалақыдан бір жарым есе аз. Университеттегі жас заңгер-оқытушының жалақысы корпоративті сектордағы біліктілігі өзімен тең маманға қарағанда 5 есе аз», – деді Талғат Нәрікбаев.

Спикердің айтуынша, бұл түлектердің университеттен жаппай кетуіне және консалтингтік немесе халықаралық заңгерлік фирмалардан жұмыс іздеуіне әкеліп соқтырады: «Бүгінгі таңда Қазақстандағы белгілі заңгер ғалымдардың орташа жасы – 65 жас. Яғни, білікті ғылыми кадрлар қартайып жатыр. Сәйкесінше, дарынды студенттерді дайындайтын ешкім жоқ. Бұл вакуум өте қауіпті құбылыс және тиісті шараларды қазірден бастап қабылдауымыз керек».

Конференция барысында KAZGUU Басқарма Төрағасы жоғарыда аталған мәселені шешу үшін жоғары оқу орындарында лайықты жалақыны қамтамасыз ету арқылы жас мамандарды ғылыми ортаға белсенді түрде тарту қажет екенін баса айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ЕЛОРДАЛЫҚ ДЕПУТАТ: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЛАҚЫСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АРТУЫНА АЛЫП КЕЛЕДІ

Сәр Сәу 28 , 2021
Оқылды: 863 Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға көтеріледі. Алайда, мектеп директорларының жалақысы 2015 жылғы деңгейде қалды. Елордалық депутаттың айтуынша, бұл мәселе тез арада шешімін таппаса, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көбеюі мүмкін. Аталған мәселені Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Талғат Нәрікбаев елордалық білім басқармасының […]