Ұлан – ғайыр мемлекетіміздің оңтүсігінен орын тепкен менің кіндік қаным тамған, балалық шағым өткен жер – Жуалы ауданы. Аудан орталығы-Бауыржан Момышұлы атымен аталады. Қайтпас қайсар ерлік пен аласармас өрліктің, шайлықпас батырлық пен қаймықпас батылдықтың жіңішке соқпағы осы жерден бастау алған. Бұл – қазақтың маңдайына біткен Совет Одағының батыры Бауыржан Момышұлы […]