Мереке бүгін біздің елімізде, Даңқы да асқақтаған жерімізде. Рәміздердің күнін біз тойлаудамыз, Елтаңба, әнұран, ту көгімізде. Олардың тарихы бар елге мәлім, Біледі оны үлкенің, жасың, кәрің. Мағынасы терең бұл рәміздердің, Олай болса айтайын тудың мәнін. Көк аспанда күніміз жарқырайды, Астында оның қыран құс қанат жайды. Туымыздың шетінде ойуы бар, […]