ҚАДІРЛІ ӘЛЕУМЕТ! 2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жарық көрді. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 15 мамыр күні – Аяулы қазақ қыздары күні болып белгіленген. Бұл күні қазақтың батыр қызы, ұшқыш Хиуаз Доспан өмірге келген. Қазақ қыздары жайлы сөз қозғағанда […]

Қадірлі бауырлар! Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 1 сәуір – Қазақ өнері күні болып белгіленген. Бұл күн қазақтың дарынды дирижері, композитор «Аққу», «Әлқисса» сынды күйлердің авторы Нұрғиса Тілендиевтің туған күніне орайластырылып белгіленген. Кезінде Нұрғиса екеуміз бірлесіп «Әкеме» атты әнді жазған едік. Сол ән әлі күнге дейін сахнадан […]

Қадірлі отандастар!  Сіздерді Қазақ күнтізбесіндегі тарихи күн 24 тамыз -Туған жер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ қазақ болғалы, ел мен жер үшін күрес күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Шамасы осыдан болу керек, ұлан-ғайыр қазақтың жері сонау Алтайдан бастап, Каспийге дейін созылып жатыр. Бұл елім-жерім деп саналы ғұмырын аттан түспей өткізген […]