Қазақстанда әйелдердің ауылдағы кәсіпкерлігінің әлеуетін зерттеу нәтижелерін «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі – қолдау бағыттарын анықтау және кедергілерді еңсеру» атты дөңгелек үстелі аясында үкіметтік емес ұйымдар ұсынды. Қазақстанның 14 өңірінде мыңнан астам ауыл әйелдер қатысқан сауалнама елдегі ауылдық кәсіпкерліктің кең әлеуетінің бар екенін көрсетті: әйелдердің үштен бір бөлігі өз ісін бастағысы келеді. […]