Жеке трактаттардың мазмұны көрсеткендей, Фарабиді әр түрлі ғылымдардың теориялық жағы, олардың философиялық мәні қызықтырды. Белгілі бір ғылыми пәннің жекелеген нақты ғылымдарын қарастыра отырып, оларға эмпирик ретінде емес, теоретик, философ ретінде қарады. Фараби өзінің грек философиясының ой-пікірін насихаттау жөніндегі қызметін екі жолмен жүзеге асырды: біріншіден, ол ежелгі грек ойшылдары мен жаратылыстанушылардың […]