“Мемлекеттік қызметтің ағымдағы реформалары: сын-тегеуріндері мен перспективалары” атты онлайн конференцияға 20 елден 200-ден астам уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ БҰҰ, ЭЫДҰ және Дүниежүзілік Банк сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шараның құрметті қонағы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясының төрағасы Ж.М. Ларби Джакта өз сөзінде конференцияны ұйымдастырушы […]