2023 жылы наурыз айында Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы әскери автомобиль полиция бөлімінің бастамасымен гарнизон шеңберінде «Мас жүргізуші – қылмыскер» айлығы ұйымдастырылды. Аталмыш айлық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту мақсатында қолға алынған. […]

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында 100-ден астам жас сарбаз ант қабылдады. Салтанатты жиын ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінде өтті. Аталмыш рәсімге 52859 әскери бөлімінің командирі, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен ант қабылдаушы сарбаздардың туыстары қатысты. Жаңадан ант қабылдаған 107 ел ұландарына әскери бөлім командирі, қызметтік міндеттерін адал және жауапкершілікпен атқаруға, […]