Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие.

Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да жоқ, халық та жоқ. Қасиетті де, қастерлі, бейнетті жолдағы тынымсыз күрес ешқашан тоқтаған емес. Қазақ елі тарихтың қатпарлы кезеңіндегі осы күресте бірде жеңді, бірде жеңілді. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз – тек бүгінгі ұрпақтың ғана еңбегі емес, ата-бабамыздың сан ғасырлық күресінің нәтижесі.                                   Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

                     Қазақстан – бұл озат ел танысыңдар.

                     Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

                     Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

                     Тәуелсіздік бабалардың ұраны,

                     Бейуақытта бойға таққан тұмары.

                     Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

                     Ызғар болып жанбай қалған шырағы.

Жиырма тоғыз жыл бұрын, 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі халықтың еркін білдіре отырып, өзін-өзі айқындайтын құқықтық мемлекет құру үшін бейбіт саясатты жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Ата заңда: «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол өз аумағында толыққанды билік жүргізе алады, ішкі және сыртқы саясатты дербес анықтайды»,- делінген. Осылайша қазір Қазақстанның өз еркімен халықаралық аренаға шығуға, болашаққа барлық өркениетті елдер жүрген жолмен қадам басуға заңды құқығы бар.

ХХІ ғасыр біздің халықтың басынан өткерген қиямет-қасіреті көп болды. Осы аласапыран ғасыр аяқталар тұста еліміз ата-баба аңсаған киелі тәуелсіздікке желтоқсанлағы ерлерлің күресінің арқасында қол жеткізді. Қазақ халқы құрып кетуден аман қалды, шыққан тегін сақтады, тәуелсіздігін алып, іргелі Түркі елдерінің қатарына қосылды, әлемдік қауымға, терезесі тең мемлекеттер қауымына мүше болды.

Шыңғыс хан өз заманында айтады екен: «Құлаш бойым құласа да, тіккен туым құламасын»,- деп ендігі тілек, басты мұрат-қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына  мейілінше бекем болу керек. Жас мемлекеттің Тәуелсіздігіне 29 жыл толды. Осы уақытта көпұлтты Қазақстан халқының бейбітшілікті сақтап, ел экономикасын көтеру үшін ұйымшылдықпен еңбектеніп жатқан жайы бар. Осынау өткен жиырма тоғыз жылда қазақ ұлтының баға жетпес байлығы – тілі мен төл мәдениеті тәуелсіздікпен бірге түлеп, өсіп келеді. Асыл қазына – ұлттық салт-дәстүрлеріміз қайта жаңғырып, рухымыз биіктеді. Еліміздің индустриялық-инновациялық экономикасы жаңа бағытқа көшті. Бүгінде өзіміз өмір сүріп жатқан ортаға қарап шүкіршілік еткен артық емес. Қазақстан бірінші болып бастаған ядролық қауіпсіздік, мәдениеттер мен діндердің үнқатысуын нығайту, жаһандық деңгейде келіссөздер жүргізу идеяларын әлемдік ұйымдар қолдап, жоғары бағалады. Мұның бәрі тәуелсіздіктің табысы, халық еңбегінің жемісі және келешегі.

Келешекке жүктелер міндет те өте жауапты. Қазақ елін Мәңгілік елге айналдыру, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылып, ХХІ ғасырдың төріне шығару бүгінгі және болашақ ұрпақтың алдына қойылған міндет, әрі  ұлттық намысына сын болып табылады.

Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз киеміз, ұлы мақстаттарға жол бастар темірқазығымыз, халқына күш-қуат берер күн шуағымыз десем артық айтқандық емес. Құдайға мыңда бір шүкір, тәубе дейік, ағайын! Маңдайымызға біткен елдігіміз бен берекелі бірлігімізді, баянды тірлігімізді көздің қарашығындай сақтайық.

Тарих пән мұғалімі  Гүлнұр Қонысбекқызы Серікбай

«М.Калинин атындағы жалпы білім беру орта мектебі»КММ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ҚАЗАҚСТАНДА 3D СОТ САРАПТАМАСЫ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН

Жұм Жел 25 , 2020
Оқылды: 7  566 «Жыл сайын Қазақстанда 30 мыңға жуық аутопсия жүргізіледі», – деп мәлімдеді медицина ғылымдарының докторы, сот-медициналық сарапшы Франц Галицкий. Бұл туралы профессор «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау жөніндегі онлайн-дөңгелек үстел барысында айтты. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш еліміздің […]