ТӘУЕЛСІЗДІК ЛЕНТАСЫ

Тәуелсіздік лентасы «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел кітаптар сериясы» қоғамдық жобасы аясында қолға алынған ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған 21-ші жоба. 12 желтоқсан күні Қарағанды қаласының Н.Гоголь атындағы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Тәуелсіздік лентасының тұсаукесері өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лентаны шығарудағы мақсат жастардың бойында ұлт тарихына деген қызығушылықты ояту мен құрметті қалыптастыру, тарихи жадыны жаңғырту. Тәуелсіздік лентасында қазақ тарихының айшықты тұлғалалары, мемлекет және қоғам қайраткерлері-Мөде қаған, Керей мен Жәнібек, үш жүздің басын қосқан Абылай хан, ұлтымыздың Тәуелсіздігі үшін күресіп өткен Кенесары хан мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бейнеленген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының картасы мен осы аумақта мекен еткен сақтардың Есік қорғанынан табылған Алтын адамы мен Түркі қағанатының Бөрілі байрағы суреттелген.
Еске сала кетсек, бұған дейін кітаптар сериясы аясында Ұлттық құндылықтар негізінде жастар бойында патриотизмді қалыптастыру мақсатында, «Менің елім» (Қазақстанның 14 облысы туралы мәліметтер), «Тілім менің» (Қазақ тілінің даму тарихы мен тіл туралы ойлар, пікірлер), «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» (біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтан бастап 2011 жылға дейінгі тарихы), «Тәуелсіз Қазақ елінің 526 жылдық тарихы» атты аудиокітап, «Ұрпақ тәрбиесі», «Ұлт ұлылары» (Қазақтың белгілі тарихи тұлғалары туралы деректер), «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Қазақтың қолөнері», «Қазақтың ұлттық тағамдары» (Қазақтың ас мәзірлері), Құсбегілік, атбегілік, төрт түлік, «Қазақтың ұлттық ойындары», «Халық әндері», «Халық күйлері», «Қазақ ертегілері» (аудиокітап) барлығы 15 кітап жарық көріп, «Қазақ халық күйлері» фестивалі (2016 жыл), «Қазақтың ұлттық ойындары» жобасы (2008 жыл), «Қазақ елі диктанттар жинағы» (2009 жыл), «Ұлы Қазақ елінің тарихы» деректі фильмі (2009-2010ж.ж.), «Қазақтың ұлттық күнтізбесі», «Ұлт қайраткерлерінің мұрасы» жыл сайынғы қалалық конференция жобалары ұйымдастырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«ADAL BILIM» - ЕҢ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ ЖОБА

Сей Жел 15 , 2020
Оқылды: 1  854 «Адал тұлға-2020» ұлттық сыйлығы аясында ҚР БҒМ қарасты «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі «Ең үздік ұлттық жоба» номинациясына ие болды. Ұлттық сыйлықты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев табыстады. Аталған марапатқа «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізген жұмыстары […]