Тәртіпке бағынған құл болмайды

Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімі, әскери автомобиль полиция бөлімшесінің қызметкерлері гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелерде парктың ішкі қызметін ұйымдастыру кезінде құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша айлық іс-шараларын ұйымдастырды.

    
Айлық қорытындысы бойынша 31775 әскери бөлімінің базасында, әскери бөлімдердегі көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды тұлғалар мен парк бойынша тәуліктік кезекшілікке жұмылдырылатын әскери қызметшілер мен бақылау техникалық пункттерінің бастықтары, гарнизонда әскери көлік құралдарын дұрыс пайдалану мақсатында көліктерді рейске шығару тәртібі парк бойынша тәжірибелік көмектер көрсетіліп, сабақтар өткізілді.
Әскери бөлімнің көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды тұлғаларға өз қызметін атқару барысында жол берілетін әкімшілік құқық бұзушылық фактілері және оған қарастырылған әкімшілік жауапкершіліктің ауыртпашылықтары жөніндегі жұмыстар талқыланып жеткізілді.
жиын барысында жол қозғалыс ережелері, қолданыстағы құжаттардың талаптарына сәйкес сынақтар қабылданды. Жүргізілген сынақ қорытындысы бойынша, әскери бөлімдердің жауапты тұлғаларына жол қозғалыс ережелерін бұзушыларды қатаң бақылауға алуды және жол қозғалыс ережелерін бақылауға арналған алдын-алу жұмыстарының жеке құраммен сапалы жұмыстар өткізу міндеттелді, – деп тоқталып өтті Қарағанды гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Дүйсенғали Омарғалыұлы Шайкенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Университеттердің білім беру сапасы тексеріледі

Жұм Ақп 26 , 2021
Оқылды: 1  076 ЖОО өзінің ақпараттық жүйесінде негізгі көрсеткіштерін толтырады. Сол ақпараттық жүйенің ішінде қанша студент бар, олар қандай мамандықтар бойынша оқиды, білім беру және оқытушылар бойынша да ақпараттар болады. Сондай-ақ, олар қандай біліктіліктен өтті, тәжірибеден өткізудің қандай базалары бар, қандай жұмыс берушілермен бірлесіп, жұмыс жасайды деген сынды мәліметтерді ақпараттық жүйеде […]