Түрік асханасының апталығы Хатайда өтеді

Ғасырлар бойы бабадан балаға мирас болған түрік дәстүрінің бірегейі – түрік асханасы әлемге танымал. 21-27 мамыр арасында өтетін Түрік асханасы апталығы ондаған өркениет пен кең ауқымдағы бай география мен тарихты қамтиды.


Түрік асханасы апталығы шеңберінде UNESCO Шығармашылық қалалар желісінің шешімімен, биыл “Әлемнің 26-гастрономиялық қаласы” атанған Хатайдың аймақтық тағамдарына басымдық беріледі. Аталған апталықты Түркия республикасының Мәдениет және туризм минисирлігі тарапынан басқарылады. Түркияның дипломатиялық миссиялары Жер шары бойынша әртүрлі нысандар мен әлеуметтік желілерде Хатай асханасы туралы түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Тамырын ежелгі заманнан тартқан, тұрақты даму үстінде болған, денсаулыққа пайдалы Хатай тағамдарының дәмін татумен бірге олардың құрамы, қалай дайындалатыны жайлы да мол мағлұмат алады. Сонымен қатар түрік кофесі, түрік шайы, рахат-локумынан апта бойы қонақтар дәм татады.

Жоғары сапалы зәйтүн майы, дәнді-дақыл, көкөніс, жеміс-жидек, түрлі өсімдік пен дәмдеуіштер қосылатын Хатай асханасы бұрыш қосылған нан, зәйтүн салаты, кәуап, күнефе сияқты тағамдарымен танымал.

https://turkishcuisineweek.com/homepage

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Афион-Қаракесир музейге бай қала

Бей Мам 18 , 2023
Оқылды: 525 Афион музейге бай Афион-Қаракесир қаласында бір-бірінен ерекшеленетін музей көп. Соның ішінде Аихеологиялық музейдің орны бөлек. Музейге кіргеннен қаланың мрамор орталығы екені анық аңғарылады. Мрамормен көмкерілген тарихи экспонаттар бірден өзіне тартады. Мұндағы жәдігерлер сонау қола, мыс дәуірінен тамыр тартады. Тіпті 15 милл жыл бұрын тірлік еткен мамонттың да қаңқасын […]