Тұрақты даму жолындағы он жылдық: Қазақстанның жасыл құрылыс саласы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Астанада Қазақстанның Жасыл Құрылыс  Кеңесі (KazGBC) ұйымдастырған Green Build Central Asia 2025 форумы өтті. Биылғы форум Кеңестің он жылдық мерейтойына арналды. Іс-шараға əйгілі девелоперлер, сəулетшілер, мемлекеттік органдар өкілдері, қаржы институттары, халықаралық ұйымдар мен жоғары оқу орындары бар 100-ден астам қатысушы жиналды.

Форум жасыл құрылыс болашағын талқылауға арналған өңірдегі ең ірі алаңға айналып, Қазақстан мен жалпы Орталық Азиядағы саланың жаңа даму бағытын айқындады.  Он жыл ішінде KazGBC тұрақты құрылыс экожүйесін қалыптастырып, энергия тиімділігі мен ресурстарды ұтымды пайдалануды ілгерілетті, сондай-ақ халықаралық сараптаманың өңірлік орталығына айналды. Қазақстандық OMIR əдістемесі бойынша жалпы ауданы шамамен 5 млн шаршы метр болатын 150-ден астам нысан сертификатталды. Сонымен қатар OMIR Əзірбайжанда жасыл құрылыс стандартын əзірлеуге негіз болды.

Форумда саланың басты технологиялары, трендтері мен сын-қатерлері бойынша, инновациялық құрылыс материалдары, цифрлық шешімдер, жаңа буын мамандарын даярлау, сондай-ақ OMIR əдістемесінің дамуы талқыланды. Спикер ретінде KazGBC өкілдері — Данияр Азымханов, Айман Шопаева, Александр Белый, сондай-ақ Əзірбайжан Жасыл Құрылыс Кеңесінің директоры Фуад Багиров жəне құрылыс материалдарын сертификаттау жөніндегі сарапшы Виктория Глущенко қатысты.

Форумда қонақ ретінде Азиат Даму Банкі, Sat NS, BI Group, Bazis A, АО Отбасы Банк, Satbayev University, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жəне өзге де ұйымдар өкілдері бас қосты. Форумның ерекше сəті жасыл құрылыс саласындағы үздіктерді марапаттайтын Green Awards рəсімі болды. Марапат иегерлері қатарында Sat NS, OKS Group, Kanfar Building, Азиат
Даму Банкі, Нұр Астана Құрылыс, Nest Stroy, Satbayev University, «Эргономика» ғылыми-өндірістік фирмасы жəне басқа да ұйымдар бар.

KazGBC директоры Данияр Азымханов он жыл ішінде Кеңес көптеген қиындықтармен бетпе-бет келгенін, алайда бүгінгі нəтижелер команданың тұрақты əрі дамушы жүйе қалыптастыра алғанын дəлелдейтінін атап өтті.

KazGBC атқарушы директоры Александр Белый нарықтың экологиялық трансформацияға дайын екенін айтып, жасыл құрылыс Қазақстанның тұрақты экономикалық өсіміне жəне бəсекеге қабілеттілігіне əсер ететін маңызды фактор болатынын жеткізді.

Əзірбайжан Жасыл Құрылыс Кеңесінің (AzGBC) директоры Фуад Багиров Орталық Азия – Каспий – Кавказ өңіріндегі ынтымақтастық бірлескен жобалар мен тəжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беретінін айтты. Оның сөзінше, KazGBC өңірдегі жасыл құрылыс трендтерін айқындап, көрші елдердің кəсіби қауымдастықтары назар аударатын жаңа бағыттарды қалыптастырып отыр.

Green Build Central Asia 2025 форумы құрылыс жəне экология саласы үшін маңызды оқиғаға айналды. Ол кəсіби байланыстарды нығайтып, жаңа ынтымақтастықтарға жол ашып, Қазақстандағы жасыл құрылыс дамуына серпін берді. Практикалық кейстерді талқылау, OMIR əдістемесін жетілдіру жəне саланың үздіктерін марапаттау еліміздің тұрақты құрылыс шешімдерібойынша өңірлік орталық ретінде позициясын күшейтті.

“10 жыл ішінде біз тұрақты құрылыс идеяларын нарық дамуының бір бөлігіне айналдырдық. Бүгінде Қазақстанның Орталық Азиядағы жасыл құрылыс көшбасшысы болуға мүмкіндігі бар, ал Green Build Central Asia форумы бұл мақсаттың қол жеткізерлік екенін айқын көрсетті” – деп атап өтті KazGBC.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыда «Батырлар мұрасы» онкүндігі аясында салтанатты іс-шара өтті

Бей Қар 27 , 2025
Оқылды: 41 Қарағанды қаласында «Батырлар мұрасы» онкүндігі шеңберінде «Астана» өңірлік қолбасшылығының 31775 әскери бөлімі аумағындағы Батырлар аллеясында гүл қою рәсімі ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шараға әскери бөлімнің жеке құрамы, ауған соғысы ардагерлері, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушылар, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері және қала мектептерінің оқушылары қатысты. Іс-шара барысында әскери қызметшілер биылғы […]