Әскери техника мен қару – жарақты қысқы кезеңге өткізу науқаны

Міндет! Абырой! Ерлік!

 «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде. Аталған іс-шара нақты қойылған талаптар мен нормаларды сақтай отырып, жеке құрамға қауіпсіздік шараларының ережелерін жеткізу, қызмет көрсетудің тәртібі мен қысқы кезеңде техникаларды пайдалану ерекшеліктерін түсіндіру жұмыстарымен басталған болатын.

Бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Андрей Боярскийдің айтуынша, қару-жарақ пен әскери техникаларды қысқы кезеңге көшіру кезінде басты салмақ барлық дәрежедегі командирлер мен әскери бөлімдегі дивизион командирлерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарларына артылады.

Ауа райының қолайсыз қатаң  уақытына қарай әскери қызметшілер төмен салқындатқыш сұйықтықтарды, сүзгіш элементтерді және тозған техниканың резеңке бұйымдары мен майларды ауыстыруы, тораптар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсетуі қажет. Жауынгерлік машиналар паркінің аумағында тиісті тәртіппен қоймалар мен көлік тұрақтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әскери бөлімге қарасты барлық бөлімшелер қосалқы бөлшектермен, қажетті құралдармен және жанар-жағармайдың басқа да түрлерімен жабдықталған.

Әскери бөлімнің Жауынгерлік машиналар паркінің аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстардың жоспарлы түрде жүзеге асуын бақылауға келген бөлім командирі бөлім жеке құрамының қару-жарақ пен әскери техникаларды қысқы кезеңге көшіру ауыстыру кезіндегі жұмыстарына жоғары баға берді.

Қару-жарақ пен әскери техникаларды қысқы кезеңге көшіруге жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берген подполковник Жасұлан Абеков: «Біздің әскери бөлімге тиесілі барлық қару-жарақ пен әскери  техникалар ақаусыз, кез-келген ауа-райына дайын болуы керек. Жыл сайынғы еліміздің барлық жеріндегі Қарулы күштерге тиесілі әскери бөлімдердегі жоспарға сай өтетін қысқы кезеңге ауыстыру жұмыстарының маңыздылығы өте зор. Себебі, жұмыс барысында техникалар толықтай тексеріліп, анықталған ақаулары қалпына келтіріледі. Қару-жарақ пен әскери техникаларды жақсы жағдайда ұстау – біздің басты міндетіміз!», – деп, өзінің көкейдегі ойын жеткізді.

Маусымдық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде жауынгерлік және арнайы техниканың, сондай-ақ жеке құрам мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған әскери автокөліктердің техникалық жай-күйіне ерекше назар аударылатын болады.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Лейтенант Думан Құрманғалиев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Алматыда ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы өтті

Сәр Қаз 12 , 2022
Оқылды: 88 Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйі «Grand Palace» залында «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» деген атпен ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы өтті.  «Шеврон» компаниясы мен “Түркітілдес журналистер қоры” қоғамдық қорының біріккен жобасы халықаралық деңгейде өтті. Форумға Ұлыбритания, Италия, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен спикерлер келіп, түркі бірлігі, медиасы, ақпараттық ықпалдастық туралы […]