Әскери бөлімде – сенбілік жұмыстары жүргізілді

Қарағанды гарнизоны, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің ұжымы сенбілік күнін өткізді. Сенбілікке қатысушылардың белсеңді еңбегінің нәтижесі ұйымшылдық, ауызбіршілік, татулық үлгісін көрсетті. Бірнеше сағат ішінде 31775 әскери бөлімнің іші мен айналасы тазаланды.

Сарбаздар мен әскери қызметкерлердің және олардың отбасыларының қатысуымен сенбілікке келгендер көшет отырғызып, өз жұмыстарына қанағаттанып, мұндай шараларды жиі өткізіп тұру керектігін атап өттіп. Әскери бөлімде өткізілетін мұндай сенбіліктер – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және бөлімнің санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді.

«Әскери бөліміміздің келбеті әскери техникалармен, бір күндік сенбілікпен өлшенбейді. Біздің әскери қызметкерлеріміз отбасыларымен келіп, қызметтік орындарының тазалығына да мән берді. Әрбір әскери адам тазалық жұмыстарына үлес қосуы қажет. Бірге тазалық мәдениетін қалыптастыру арқылы, сенбілікте тал көшеттерінде отырғыздық. Сондай ақ әскери қызметкерлеріміздің отбасы, әкелерінің жұмыс орындарымен танысып, бір сергіп қайтты» – деп атап өтті, өз сөзінде 31775 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Тазабеков.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Отанды қорғау – ұлы міндет

Сей Мам 30 , 2023
Оқылды: 307 Қазақстан Қарулы Күштерінің қатары тағы да толыға түсті. Қарағанды гарнизоны, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде жас сарбаздар салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Қазақ халқы ежелден Отан үшін төккен тердің бағасын бағамдай білген. Оның ішінде, қастерлі Отан-Ананы қорғау – ең асқақ парыз, абыройлы міндет екенін жас сарбаздар […]